AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Әзірбайжанға 1 млн тоннадан астам бидай...

Қазақстан Әзірбайжанға 1 млн тоннадан астам бидай жеткізуге дайын

Әлеумет 27.07.2024, 11:50 1,182 dulatbekova
Қазақстан  Әзірбайжанға 1 млн тоннадан астам бидай жеткізуге дайын
Сурет: АШМ

Бакуде Қазақстан мен Әзірбайжанның ондаған ірі компанияларын басын қосқан ауыл шаруашылығы форумы өтті.

Оған қатысқан Азық-түлік келісімшарт корпорациясының Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев компанияның қызметі және оның астық терминалдарының мүмкіндіктері туралы айтып берді. Ол сондай-ақ Әзірбайжанға ірі көлемде бидай жеткізуге дайын екенін атап өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz Ауыл шаруашалығы министрлігіне сілтеме жасап. 

Дәнді дақылдар мен жүгеріні қабылдап-тиеу және сақтау «Ақ Бидай-Терминал» АҚ арқылы жүзеге асырылады. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК жалғыз акционері болып табылатын компания Қазақстанда, Әзірбайжанда және Иранда астық терминалдары жүйесін басқарады. Бұл Ақтау портындағы терминалдың өзі (Қазақстан), Баку астық терминалы (Әзірбайжан) және Амирабад Грейн Киш терминалы (Иран).

Асылхан Джувашев астықты сақтау мен өткізудің табысты жұмыс істейтін жүйесі Әзірбайжанға астық жеткізілімін тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Атап айтқанда, Говсана портында орналасқан Баку астық терминалының астықты қабылдау, тиеу бойынша өндірістік қуаты жылына 600 мың тоннаға жуық, ал диірмен кешені жыл сайын 50 мың тоннаға дейін өнімді қайта өңдеуге қабілетті. Терминал тәулік бойы жұмыс істейді және қызметтердің жоғары сапасына кепілдік беретін технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесімен жабдықталған.

«Кезінде Қазақстан Әзірбайжанға 1 млн тоннадан астам астық жөнелтіп келген. Қазіргі уақытта біз Әзербайжан нарығында қазақстандық бидаймен бәсекеге қабілетті болу үшін бұрынғы позицияларды қайтару тетіктерін пысықтап жатырмыз», — деп сөзін қорытындылады Азық-түлік корпорациясының басшысы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Әзірбайжан #Баку #бидай #астық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда HACKATHON 2026 өтті

Кеше 21:39

Алматыда «Гүлденген мегаполис» атты көрме өтті

Кеше 18:57

Майдангерлерге – 5 миллион теңге

Кеше 18:50

Парижге жаяу барған 76 жастағы қария «Құрметті спорт қызметкері» атағын алды

Кеше 18:47

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика