Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткерлер үшін тестілеуге өтініштерді қабылдау 10-20 тамыз аралығында өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Өтініш беру Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.
Тестілеудің өзі 22 тамызда өтеді.
Тестілеу үш бөлімнен тұрады:
қазақ тілі бойынша тест (қазақ тілінде) – 30 тапсырма, шекті балл – 15;
Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 40 тапсырма, шекті балл – 20;
Қазақстан тарихы бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 30 тапсырма, шекті балл – 15.
Ең жоғары балл – 100, шекті балл – 50.
Тестілеу уақыты – 2 сағат 10 минут.
"Мүмкіндігі шектеулі (мүгедектігі бар) тұлғаларға тестілеу тапсыру үшін қосымша 30 минут беріледі. Тестілеуге қатысу құны - 14 693 тг. Толық ақпарат testcenter.kz сайтында "Азаматтық алуға үміткерлерге" бөлімінде қолжетімді".Ұлттық тестілеу орталығы