AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Ауғанстанмен сауда ынтымақтастығын артты...

Қазақстан Ауғанстанмен сауда ынтымақтастығын арттырады

Әлеумет 25.04.2023, 11:20 916 Almaty-akshamy.kz. 
Қазақстан Ауғанстанмен сауда ынтымақтастығын арттырады
Сурет: ашық дереккөз

 Еліміздің Ауғанстанмен сауда қарым-қатынасындағы басым өнімдер аталды. Аталған елмен сауда ынтымақтастығы арта түспек. Бұл туралы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлім етті, -деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 



«Біз Ауғанстанмен ынтымақтасамыз, сауданы дамытамыз. Екіжақты сауда 1 миллиард долларды құрайды. Бұл Әзербайжанмен, Түркіменстанмен жасалған саудамен салыстырғанда айтарлықтай көп. Осы орайда сауда ынтымақтастығын одан әрі арттырамыз. Ауғанстанмен екіжақты саудада бидай, ұн, күнбағыс майы басымдыққа ие. Неліктен бұл мүмкіндіктен бас тартуымыз керек? Бұл, сайып келгенде, біздің мемлекетімізге пайда әкеледі», - деді Серік Жұманғарин Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына берген жауабында.



Сондай-ақ, министр Ауғанстанда сауда үйі ашылып, оған арнайы өкіл тағайындалғанын айтты.



«Ресми өкіл жұмысты үйлестіруге жауапты, өйткені Ауғанстанның аумағы үлкен әрі әртүрлі. Енді екіжақты сауданы дамытуда нарықты зерделеп, жергілікті кәсіпкерлермен танысу қажет. Ауған кәсіпкерлерін осында шақырып, бизнес-форум өткізгім келеді. Оларға біздің мүмкіндіктерімізді көрсеткен жөн», - дейді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауғанстан #сауда #Ынтымақтастық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жеке деректер сатылған

Бүгін 15:10

«Жасыл бастау» экоакциясы аясында Алматы мен Алматы облысының тұрғындары 200 келіден астам қайта өңделетін және қауіпті қалдық тапсырды

Бүгін 15:01

Жиһанкез қария Парижге жаяу-ақ жетті

Бүгін 14:35

Алматылық боксшылар Қазақстан қоржынына екі алтын және бір қола медаль салды

Бүгін 14:26

Ақжар ықшамауданында суық су болмайды

Бүгін 14:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика