AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан арқылы жүк тасымалдау уақыты қысқарады

Қазақстан арқылы жүк тасымалдау уақыты қысқарады

Әлеумет 31.10.2023, 14:17 1,099
Қазақстан арқылы жүк тасымалдау уақыты қысқарады
Сурет: Qyzyljarnews.kz

Соңғы 10 жылда $30 млрд инвестиция құйылды.


Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік жүктерді тасымалдау уақыты 12 күннен 5 күнге дейін қысқарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша инвестициялар тарту және ынтымақтастық мәселелеріне арналған жиынға 100-ден астам шетелдік кәсіпорын қатысты.



Қарабаев соңғы 10 жылда еліміздің көлік-логистикалық инфрақұрылымына шамамен $30 млрд инвестиция құйылып, нәтижесінде 2,5 мың жаңа темір жол, 13 мың км автожол салынғанын, сонымен бірге 21 млн тоннаға Ақтау және Құрық теңіз порттарының қуаты кеңейтілгенін, ұшу-қону жолағы және 22 әуежайдағы терминалдар қайта жаңартылғанын атап өтті.



2022 жылдың қорытындысы бойынша салынған әрбір доллар $4,8 әкелген, ал салада жұмыспен қамтылған 1 адамға шаққандағы еңбек өнімділігі $21 230 құрады.


Көлік министрлігі басшысының мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанда Еуразия құрлығының негізгі сауда маршруттарымен байланысты 16 мың км теміржол және 95,5 мың шақырым автомобиль жолы бар.



"Қазақстан арқылы 13 халықаралық көлік дәлізі өтеді, оның ішінде 5 теміржол және 8 автомобиль жолы. 2022 жылы республика аумағы арқылы транзиттің жалпы көлемі 23,2 млн тоннаға жетті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық. Ең үлкен өсім мултимодальды Транскаспий халықаралық көлік маршрутында байқалады. "Тар орындарды" жою бойынша қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде жыл соңына қарай жүктердің орта дәліз бойынша өту уақыты 3 есеге – 38-53 күннен 14-18 күнге дейін, оның ішінде Қазақстан аумағы бойынша – 12 күннен 5 күнге дейін қысқарады", - деді Марат Қарабаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік #транзит #маршрут
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Күштірек, жылдамырақ, ақылдырақ: Алматы жастары «Бес қару» сынынан өтті

Бүгін 18:39

Қазақстан мен Әзербайжан «ТурАн» атты бірлескен туроператорды іске қосты

Бүгін 18:37

Астанада тіс емдетуге барған 20 жастағы жігіт көз жұмды

Бүгін 17:51

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Бүгін 15:57

Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғастырды

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика