Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстан Армия орталық спорт клубының жетекшісі...

Қазақстан Армия орталық спорт клубының жетекшісі дзюдодан әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді

Спорт 06.11.2024, 18:25 854
Қазақстан Армия орталық спорт клубының жетекшісі  дзюдодан әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді
Сурет: Қорғаныс министрлігі

АҚШ-та дзюдодан шеберлер арасындағы әлем чемпионатында Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Армия орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Las Vegas World Championships veterans 2024 турнирінде 67 елден мыңнан астам балуан өнер көрсетті. Жарыс жеті салмақ дәрежесінде және 35 жастан жоғары жас санаттары бойынша өтті.

– Мұндай жарыстарға бірінші рет қатысып отырған жоқпын. Өз нәтижеме ризамын. Қарсыластарым күшті болды. Қолдау көрсеткен отбасыма, достарым мен әріптестеріме көп рахмет. Мұндай жарыстарға қатысуымның маңызды себебі – әскери қызметшілер мен армия спортшыларының кейінгі жас буынына үлгі көрсету, – деді полковник Арман Әбеуов.

Полковник Арман Әбеуов 100 келіден астам салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалға барар жолда ол Бразилия, Португалия, АҚШ және Канада спортшыларынан басым түсті. Шешуші жекпе-жекте былтырғы әлем чемпионы бразилиялық Рекардо Ферреироға есе жіберді.

Армия спортшыларының тәлімгері, Спорт комитетінің төрағасы полковник Арман Әбеуовтің бұл жетістігі АОСК-ның жеке құрамына ең жақсы үлгі болмақ. Клуб ұжымы басшысын табысты өнер көрсетуімен шын жүректен құттықтайды және одан әрі жеңістер тілейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлем чемпионаты #АҚШ #Қазақстан Армия спорт клубы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте аялдаманы бүлдірген қыздар жауапқа тартылды

Бүгін 09:26

"Бәрін әйелім үшін істедім". Тұрсын Алагөзовтың зәулім үйі желіде қызу талқыға түсті

Бүгін 09:04

Маңғыстау облысындағы сарбаз өлімі: кінәлі басшы сотталды

Бүгін 08:48

Жаңбыр жауып, күн күркірейді: бүгін Алматыда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:38

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Кеше 21:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика