AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / "Қазақконцерт" Роза Бағланованың атымен аталады

"Қазақконцерт" Роза Бағланованың атымен аталады

Тұлға 29.10.2021, 06:17 1,426
"Қазақконцерт" Роза Бағланованың атымен аталады
Сурет: Іnform.kz

"Қазақконцерттің" атауы ҚР Үкіметінің 17 тамыздағы қаулысына сәйкес ауысты.


"Қазақконцерттің" ресми атауы ауысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Еліміздің бас концерттік ұйымына КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың есімі берілді.


2022 жылы қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 толуына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы әншінің есімін халық жадында мәңгі сақтау үшін шараларды қабылдауды тапсырғаны белгілі. Ұйым басшысы Жеңіс Сейдоллаұлы мәлімдегендей, "Қазақконцерт" ұжымы үшін бұл - өзекті тапсырма.



"Қазақконцерт" тарапынан ұйымға Роза Бағланованың есімін беру мәселесін қарастыру жөнінде Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың атына хат жолданған болатын. Бұл игі бастаманы халық әртістері, "Қазақконцерт" құрамында өнер көрсетіп жүрген еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері, мәдениет үздіктері мен жас таланттар бірден қолдады. Олардың қатарында: Бибігүл Төлегенова, Нұрғали Нүсіпжанов, Мұрат Құсайынов, Ақжол Мейірбеков, Алтынбек Қоразбаев, Роза Рымбаева, Айман Мусахаджаева, Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова, Айжан Нұрмағамбетова, Бағдат Самединова, Жеңіс Ысқақова, Құрмаш Махан, Азамат Жылтыркөзов, Ерлан Рысқали, Медет Чотабаев, Әміре т.б. орындаушылар бар. Аталған шара Роза Бағланова есімінің ұлт жадында, келешек ұрпақтың есінде мәңгі сақталуына және уақыт өткен сайын қайта жаңғырып отыруына елеулі үлес қосады деп білеміз», - деп жеткізді Жеңіс Сейдоллаұлы.



Өткен концерттік маусымда өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өткен "Қазақконцерттің" тарихына үңілсек, Роза Бағланова бұл ұйымда 1960 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін жемісті еңбек еткен. "Қазақконцерттің" негізін қалаушылардың бірі, ұйымның әншісі болып, қазақтың ән өнерін дамытуға өлшеусіз зор үлес қосты.


Көзі тірісінде аты аңызға айналған Роза Тәжібайқызы майдан даласында ән салып, әсем даусымен бүкіл әлемді тамсандырды. Бар ғұмырын халқына арнаған Роза Бағланова бойындағы талантымен қазақ өнерінің ұлылығын паш етіп, еліміздің рухани байлығын асқақтата түсті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақконцерт #бағланова
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда инсультпен күрестің жаһандық стратегиялары бойынша халықаралық конференция өтті

Бүгін 12:05

Қазақстан өңірлерінен келген фермерлер Алматыға арзандатылған бағамен 400 тоннадан астам азық-түлік әкеледі

Бүгін 11:35

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарын сайлауға қатысты № 2, 5, 10, 20 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының хабарламасы

Бүгін 11:23

ЖОЛДАУ: білім, ғылым және инновация – денсаулық саласын дамытудың негізі

Бүгін 11:15

Алматылық дәрігер ChatGPT-мен «емделудің» қауіпті екенін айтты

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);