AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Қазақ титаны» 109 тонналық вагонды 8,5 метрге дей...

«Қазақ титаны» 109 тонналық вагонды 8,5 метрге дейін сүйреген

Әлеумет 14.01.2025, 16:05 688
«Қазақ титаны» 109 тонналық вагонды 8,5 метрге дейін сүйреген
Ұлттық ұлан

Ұлттық ұланның Алматыдағы Кеңес Одағының батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің жеке құрамы  «Қазақ титаны» атанып кеткен спортшы, файтер, KINES рекордтар  кітабының үш дүркін рекордшысы Алмат Жұмановпен кездесті. 

Сарбаздардың ақын-жазушылар, спорттағы чемпиондар, әр саладағы өнер адамдарымен кездесуі дәстүрге айналған деуге болады. Әскердің оң бейнесін қалыптастырып, әскери қызметтің абыройын арттыра түсуге, кейінгі буын жастарды Отанды сүю, қадірлеу, оны қорғау  үшін дайын болуға тәрбиелеуде спорт өкілдерінің де ықпалы зор екені сөзсіз.   

Бүгін де осындай жарқын жүздесудің бірінде әскери қызметшілер мен Қазақ титанының арасында қызықты сұхбат болды. Алмат Жұманов – халықаралық дәрежеде ойын көрсетіп жүрген спортшы. Ол – ең алдымен геннен берілген табиғи зор күштің иесі.  Оның танымалдылығы рекорд жасаған сайын арта түсті. Алматты Қазақстан ғана емес, шетелдерде де танып, оның ерекше қасиеті әлемге әйгілі болып келеді.  

Қажымұқанның бүгінгі ізбасарымен жүзбе-жүз кездесу әскери қызметшілер үшін ерекше жағдай болды. 

«Мен де Ұлттық ұлан қатарында болған кешегі сарбазбын. 2015 жылы Теміртау қаласындағы 5516 әскери бөліміне мерзімдік қызметке шақырылып, Отан алдындағы борышымды өткердім. Әскери қызметті өтеу – әр ер-азаматтың міндеті. Міндеттеріңе адал болыңдар, қажымас қайрат, сарқылмас күш-қуат тілеймін», – деп бастады әңгімесін Алмат Жұманов. Бұдан кейін спортшы рекордтары туралы айтып берді. 

Бірінші рекордында 109 тонналық вагонды белге белбеу тағып, 8,5 метрге дейін сүйреген, екіншісінде екі жасар түйені иығына салып, бір уақытта арқанмен үш жеңіл көлікті жүргізушілермен бірге 13 метрге дейін сүйреген. Жалпы салмақ 4800 кг құраған. Үшінші рекордында АН-72 әскери ұшағын 1 метрге сүйреген. 

Қазіргі уақытта Алмат спорттағы бағытын өзгертіп, кәсіпқой боксқа түбегейлі бет бұрды.  Нәтижесі де жаман емес. 2024 жылдың 17 желтоқсанында кәсіпқой бокстың UBC CONTINENTAL нұсқасы бойынша Латын Америкасының чемпиондық белбеуін жеңіп алды.

Кеш соңында 5571 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Ұлықбек Қараев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы атынан Алмат Жұмановқа   жастарға  әскери-патриоттық тәрбие беру ісіне қосып жатқан үлесі үшін  «Алғыс хат» табыстады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан #Алмат Жұманов #Қазақ титаны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге артады

Кеше 19:52

Сыр өңірінің балалары Алматы чемпионатында топ жарды

Кеше 17:55

Референдум-2026: ТМД миссиясы дауыс берудің ашықтығы мен айқындығын растады

Кеше 17:40

Мьянма Ұлттық сайлау комиссиясының комиссары: Референдум халық арасында үлкен қызығушылық тудырды

Кеше 17:36

Қырғызстан ОСК төрағасы референдумның жоғары деңгейде өткенін дайындалғанын айтты

Кеше 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика