AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор бо...

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Медицина 12.09.2026, 18:32 289
Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді
Фото: Gov.kz

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін ағзаларын донор ретінде пайдалануға келісімін eGov арқылы тіркегенін мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Министр бұл шешімін көпшілік алдында айтуды маңызды деп санайтынын жазды. Оның сөзінше, бұл қадамды қызметіне байланысты емес, жақын адамына бір күні осындай көмек қажет болуы мүмкін екенін түсінгендіктен жасаған.

«Қайтыс болғаннан кейінгі донорлық – өмір сүруге мүмкіндігі бар адамдарға өмірден өткеннен кейін де көмектесудің бір жолы», – деп жазды Әлназарова.

Оның мәліметінше, қазір Қазақстанда шамамен 184 мың адам қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісімін eGov арқылы тіркеген.

Ал трансплантацияны 4 867 адам күтіп отыр. Оның ішінде 4 311 адамға бүйрек, 212 адамға жүрек, 314 адамға бауыр, 30 адамға өкпе трансплантациясы қажет.

Әлназарова қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамыту тек денсаулық сақтау жүйесінің міндеті емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл мәселе қоғамның сеніміне, ашық диалогқа және әр адамның саналы шешіміне байланысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сәтбаев салған сара жол

Бүгін 20:26

Қанат Бозымбаев Алматыдағы азаматтық қорғау нысандарының жер сілкінісіне дайындығын тексерді

Бүгін 19:30

«Жігітім алаяқ болып шықты»: сүйіктісіне алданғандар өзін қалай қорғай алады?

Бүгін 19:24

Елдің ең ірі мегаполисіндегі тозығы жеткен желілер жаңартылады – алматылықтар үшін не өзгереді?

Бүгін 19:09

Алматыға кіреберіс жолдарда жүк көліктеріне арналған салмақ өлшеу кешендері орнатылады

Бүгін 17:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);