Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақ қызы киіз үй пішініндегі сөмкенің ерекше диз...

Қазақ қызы киіз үй пішініндегі сөмкенің ерекше дизайнын Францияда таныстырады

Мәдениет 02.03.2023, 10:33 1,162
Қазақ қызы киіз үй пішініндегі сөмкенің ерекше дизайнын Францияда таныстырады
Сурет: Kazbilim.kz

Қазақ қызына әлемнің әйгілі сән үйі «құда түсті».


Айнұр Полатованың ұлттық нақышта жасаған киіз үй түріндегі бұйымына франциялық компанияның көзі түсіп, шеберді өздеріне шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Енді жаһанға танымал бренд киіз үй пішінінде сөмке тігеді. Айнұр Астанада оқиды. Осыдан үш ай бұрын «талапай» атты бірегей жобаны қолға алған. «Бес тас», «Құмар», «Ағаш үй» бестемшесі, «Тұмар» бестемшесі, «Тоғызқұмалақ» ойындарын қазақтың ою өрнегімен көркемдеп, қоржын түрінде ұсынып отыр. Асықты полиуретан деген материалдан, ал, тоғызқұмалақтың тасын киіз бен қыштан өзі жасайды. Жаңа жобаға Түркия, АҚШ, Нидерланды да қызығушылық танытты. Өзі кәсіби дизайнда оқымаған. Филолог. Биыл енді Германияда, Гете атындағы университетте академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білімін шыңдамақ. Одан соң қазақы нақыштағы сөмкенің ерекше дизайнын таныстыру үшін жазда Францияға аттанады. Сән үйінің ресми өкілдерімен кездеседі. 



«Олар Швейцарияда киіз үй пішінінде дүкен тұрғызған еді. Сол дүкеннің концепциясын негізге ала отырып, өзімді таныстырып, мен осындай жобаның авторымын және менде киіз үй формасында бестемше деген ойын бар, оның сыртқы формасы көп адам сөмкеге ұқсатып жатады, бір жағынан, интелектуалды ойын, екінші жағынан, сөмке, бұл ойын өте ерекше деп ойлаймын. Егер қызықты болса, маған кері жауап қайтарарсыздар деген едім. Алайда жауап қайтарады деген сенім болмады. Екі аптадан кейін жауап қайтарды. Идеяның қызықты екенін айтып, қосымша көмек үшін хабарласуымды айтты. Киіз үй пішініндегі сөмкелерді жасау туралы идеяға қызығып отыр», - дейді жоба авторы Айнұр Полатова. 





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық нақыш #сөмке #киіз үй пішіні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нөсерден кейін Алматы коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеді

Бүгін 09:30

Қазақстандағы негізгі ҰБТ кезеңі қашан басталады?

Бүгін 09:22

Қазақстандағы ең бай әйел...

Бүгін 09:00

Бүгін бірнеше өңірде ауа райы қолайсыз

Бүгін 08:45

Алматыда Мәдина Ералиеваны еске алуға арналған «Сағындырған әндер-ай» концерті өтеді

Бүгін 08:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика