AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақ, өзбек және қырғыз киногерлері бас қосты

Қазақ, өзбек және қырғыз киногерлері бас қосты

Мәдениет 14.12.2023, 13:07 1,323 Almaty-akshamy.kz. 
Қазақ, өзбек және қырғыз киногерлері бас қосты
Сурет: видеодан алынды

Отандық киноиндустрия әлемі төрт сериялы “Қорқыт” биографиялық драмасымен толықты.


Телехикаяның түсірілімі Алматы облысы мен Өзбекстан Республикасындағы Хиуа, Ферғана, Бұқара қалаларында өтті. Туынды Qazaqstan ұлттық телеарнасының тапсырысы бойынша түсірілді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Жобаның тарихи кеңесшісі әрі сценарий авторы  – этнограф Берік Жүсіп. Режиссері – Қанағат Мұстафин. Қорқыттың әр кезеңдегі рөлдерін Дінислам Нұрмағамбет, Әділ Ахметов және Айдос Бектемір сомдайды.  Сонымен қатар негізгі тарихи рөлдерді Еркебұлан Дайыров, Зарина Кармен, Медғат Өмірәлі ойнайды. Сериалда қырғыздың атақты манасшысы Рысбай Исақов пен  танымал актер Аскат Сулайманов та бой көрсетеді.


Телехикая сюжетінде Қорқыттың дүниеге келуі, балалық шағы, жеткіншек кезінен бастап, оның сәуегей, абыз ретінде қалыптасу жолы көрсетіледі. Телехикая сценарийі әлемдік деңгейде зерттелген «Қорқыт ата» кітабына, атап айтқанда “Салор Қазанның үйінің ша­был­ғаны туралы жыр” негізінде түсірілген. Жоба продюсері Шолпан Батырбаеваның айтуынша,  жаңа телехикаяның сценарийі ерекше болады.  



– Туынды ең әуелі жас аудиторияға арналып түсірілді. Қазіргі жастардың сұранысы басқа. Сондықтан тарихи фильм, сериал түсіргенде жастардың тілін түсіне білу маңызды. Қарт Қорқыттың образы жастарға қызық болмас еді. Сол үшін түсірілім тобы көп кеңесіп, хронологиялық реттілікке, биографияға негізделген сюжет құрастырды, – дейді продюсер. Шолпан Батырбаева бұл туындыны халықаралық киносериал деп атауға толық негіз бар дейді.


– Сериал кастингіне үлкен жауапкершілікпен қарадық. Актерлар құрамында еліміздегі ең үздік мамандары жиналған. Сонымен қатар танымал қырғыз актері Аскат Сулайманов пен әйгілі манасшысы Рысбай Исақовтың да рөлдері бар. Бұған қоса қаңтар айындағы түсірілімдер Өзбекстан жерінде өтті. Ол кезде түсірілім тобына өзбектің кино саласындағы үздіктері де қосылды. Сондықтан түркі елдері ортақ аңыз жайлы алғашқы сериалымыз халықаралық туынды деуге болады, – дейді жоба продюсері Шолпан Батырбаева.



«Қорқыт» тарихи биографиялық драмасы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының  өзге мемлекетпен бірлесе түсірген алғашқы телехикаясы. Туынды  16, 17 желтоқсан күндері сағат 14:40-та Qazaqstan ұлттық арнасының эфирінен көрсетіледі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кино #қорқыт #Киностудия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Бүгін 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика