Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Қазақ неге ұйытқы cұрамаған?

Қазақ неге ұйытқы cұрамаған?

Мұны білген жөн 15.10.2025, 10:04 452
Қазақ неге ұйытқы cұрамаған?
интернеттен

Қазіргідей дүкені көп кез емес, қыстаудан жайлауға көшіп жүрген бұрынғы қазақ бір-бірінен, оның ішінде құдайы көршісінен ештеңесін қызғанбаған. Ауылы аралас, қойы қоралас қоңсы қонған ата-бабамыздың қауымдасып, бірлесіп күн кешкенін білеміз. 

Халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүріндегі әр іс пен қимылдың, әр ырым мен рәсімнің өз мәні бар. Бірақ соның ішінде «ұйытқы сұрау» деген ұғым жоқ. Қазақ неге сүт, айран, ірімшік, құрт секілді тағамдардың ұйытқысын бөтеннен сұрамаған?

Бұл сұрақтың түбінде терең наным мен өмірлік философия жатыр. Қазақ үшін ағарған тек ас емес, ырыс пен өмірдің символы. Өзім туып өскен Қазалыдағы «көрші ақысы – Тәңір ақысы» деген қағидаға тастай берік ауылдастарымның бекем ұстайтын бір ережесі осы – ұйытқы сұрамау еді. Сұрағанда да «ұйытқы» деп айтуға үлкендер тыйым салатын, анда-санда сұрай қалсаң «сүтке салатын айран» деп сұрау керек дегенді үйретті үлкендер. Сүтке салатын айранды да кім көрінгеннің үйінен сұратпайтын. «Пәленше келіннің аяқ-табағы таза ғой, Түгенше тазайын ғой» деп айран сұрайтын үйді де таңдайтын. Бір аптаның бес күнінде күйеуінен таяқ жеп жылап жүретін, отағасы мас, отанасы лас үйден айран сұратпайтын, бала кезде мән бермегенмен, қазір ойлансам, мұның да астарында терең тәрбие жатыр екен.

Осыған қатысты не білесіз деген сұрағыма этнограф Досымбек Қатранұлы: «Ұйытқы сұрауға болмайды деген тыйым бар. Айрандай ұйып отырған құтты алып кетеді деген ырым. Сондықтан ұйытқы алатын кісі өз ыдысымен келіп, «айран» деп сұрап алады. «Айран сұрай келіп, шелегіңді жасырма» деген сөз осыдан қалған», деп жауап берді.

Ұлттық тағам тек физикалық қорек емес, рухани кодтың бір бөлігі, сондықтан ұйытқы тек айранның дәмін сақтайтын зат емес, ұйысу ұғымымен де үндес.

Ата-бабаларымыз егер бір үй бөтеннен ұйытқы сұраса, онда сол үйдің ырысы да өзге жаққа ауады деп сенген. Себебі ұйытқы – үйдің ішкі энергиясы. Осы жайында этнограф Марат Тоқашбай былай деді:

«Сүтке, сүт ұйытқысын беруге байланысты нақты қатып қалған қағида жоқ. Сүт ең бастысы жерге төгілмеуі керек. Ал сүт ұйытқысын сыртқа беру көбіне өзіміздің ішкі ұйытқымыз, берекеміз кетеді деген қорқынышпен шектелген. Ұйытқы беруден қашатыны сондықтан. Ал ақиқатында  ұйытқы берудің еш тыйымы жоқ».

Қазір ұйытқы сұрау – ұмыт болған ұғымның бірі. Бірақ оның философиясы әлі өзекті. Қоғамда да, отбасында да «ұйытқы» – бірлік пен жауапкершілік. Қазақтың осы қарапайым қағидасы бүгінгі заманда да өз мағынасын жоғалтқан жоқ, яғни берекенің ұйытқысын сырттан іздеме, оны өзіңнен баста. Себебі ұйытқы тек айранның емес, берекенің де бастауы, үйдің құты. Ол шаңырақтың ырысы мен рухани тұтастығын білдіреді. «Ұйытқы сұрамау» дәстүрінің түбінде терең даналық бар.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұйытқы #Қазақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Кеше 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі