конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Құтқарушылар алматылықтарды тауға шығар алдында ау...

Құтқарушылар алматылықтарды тауға шығар алдында ауа райын қадағалауға шақырды

Алматы 12.06.2026, 17:19 248
Құтқарушылар алматылықтарды тауға шығар алдында ауа райын қадағалауға шақырды

Жазғы маусымның басталуымен Алматы тауларына шығатын туристер саны артты. Осыған байланысты құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарын ауа райы болжамын мұқият бақылауға, өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалауға және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР ТЖМ Республикалық құтқару қызметінің «Барыс» жасағының өкілдері мәлімдеді. Құтқарушылардың айтуынша, таудағы оқиғалардың көпшілігі маршруттың күрделілігін дұрыс бағаламау, жеткіліксіз дайындық және ауа райы жағдайын елемеу салдарынан болады.

«Барыс» республикалық құтқару қызметінің құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Вадим Пактың айтуынша, көптеген туристер тәжірибесі мен қажетті жабдықтары жоқ күйде тауға шығып, биік таудың ерекшеліктерін ескермейді.

«Көп жағдайда адамдар тауға жеткілікті дайындықсыз шығады, өзіне қиын маршруттарды таңдайды және ауа райына мән бермейді. Тіпті ауа райы бұзылса да жолын жалғастыра береді. Бұл қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін», – деді спикер.

Оның айтуынша, жиі кездесетін қателіктердің қатарында жалғыз шығу, маршрутты тіркемеу және жақындарына қайда баратынын хабарламау бар. Сондай-ақ туристердің су, жылы киім, байланыс және навигация құралдарын алмай шығу жағдайлары да жиі кездеседі.

Бұдан бөлек, белгіленген соқпақтан ауытқу, жолды қысқартуға тырысу, арнайы жабдықсыз қолжетуі қиын жерлерге бару және қараңғы уақытта тауда жүру де қайғылы жағдайларға себеп болады.

Өз кезегінде «Барыс» РҚҚ құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Әділхан Балтабай Алматыдағы құтқару бөлімшелері төтенше жағдайларға әрдайым дайын екенін хабарлады.

Оның айтуынша, таулы және қолжетуі қиын аумақтарда оқиға туралы хабар түскен сәтте құтқарушылар мен қажетті техника бірден жіберіледі.

«Қазіргі уақытта Алматыда екі негізгі құтқару құрылымы жұмыс істейді — Республикалық құтқару қызметі және Алматы қалалық құтқару қызметі. Тәулік бойы 30 құтқарушы кезекшілікте тұрады. Қажет болған жағдайда іздестіру-құтқару жұмыстарына жеке ұйымдар да тартылады», – деді ол.

Жалпы, Алматы тауларында төтенше жағдайларға әрекет ету үшін 194 құтқарушы, 60-тан астам техника және екі әуе көлігі жұмылдырылады. Сонымен қатар құтқару жұмыстарына альпинизм федерациясының өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен жеке құрылымдар да қатыса алады. Оған қосымша, дайындықтан өткен 110 маман тартылуы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алатау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда биыл 100-ден астам жеделсаты ауыстырылады

Бүгін 16:25

Азия Олимпиадалық кеңесінің өкілдері Алматының 2029 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындығын бағалады

Бүгін 15:50

Ұлттық ғылым академиясы KazNARU базасында Қытай ғылым академиясымен бірлескен One Health зерттеулер орталығын ашты

Бүгін 15:47

Air Astana Қазақстанда бірінші болып DHL GoGreen Plus сертификатын алды

Бүгін 15:39

Алакөл жағалауында «Алакөл толқыны» фестивалі өтті

Бүгін 14:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);