конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Дархан Сатыбалды Армения елшісімен ынтымақтастықты...

Дархан Сатыбалды Армения елшісімен ынтымақтастықты дамыту мен жаңа бірлескен жобаларды талқылады

Алматы 12.06.2026, 17:16 253
Дархан Сатыбалды Армения елшісімен ынтымақтастықты дамыту мен жаңа бірлескен жобаларды талқылады
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан Республикасындағы Армения Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Армен Гевондянмен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық әріптестікті кеңейту, инвестиция тарту, сондай-ақ туристік және гуманитарлық байланысты нығайту жайын талқылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Дархан Сатыбалды Қазақстан мен Арменияның отыз жылдан астам уақыт бойы өзара құрмет пен сенімге негізделген достық қарым-қатынасты сақтап келе жатқанын атап өтті.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматы мен Армения арасындағы сыртқы сауда айналымы 26,7 млн АҚШ доллары болды. Ал 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында бұл көрсеткіш былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 50%-ға өсіп, 6,23 млн АҚШ долларына жеткен.

«Алматы – еліміздің экономикалық, қаржылық, мәдени және ғылыми орталығы әрі халықаралық ынтымақтастықтың негізгі алаңдарының бірі. Қаламыз Қазақстан мен Армения арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтуде маңызды рөл атқара алады деп сенемін», – деді Дархан Сатыбалды.

Армения капиталы бар компаниялар Алматыда құрылыс, өңдеу өнеркәсібі және қызмет көрсету салаларында жұмыс істейді. 2023 жылдың қараша айында қалада армян кәсіпкерлерінің «Манташянц» одағының өкілдігі ашылды. Сонымен қатар Арменияның сауда павильоны жұмыс істеп тұр.

Кездесуде туризм мен көлік қатынасын дамыту мәселесі де сөз болды. 2025 жылы Алматыға Армениядан мыңнан астам турист келген. Ал 2026 жылғы 12 маусымнан бастап FlyOne Armenia әуе компаниясы Ереван – Алматы бағыты бойынша аптасына екі рет тұрақты тікелей рейстер орындай бастайды.

Тікелей әуе қатынасының ашылуы туристер санының артуына, іскерлік байланыстың нығаюына және екі ел арасындағы мәдени байланыстың дамуына ықпал етпек.

Кездесу соңында тараптар екіжақты серіктестікті одан әрі дамытуға және жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дархан Сатыбалды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда биыл 100-ден астам жеделсаты ауыстырылады

Бүгін 16:25

Азия Олимпиадалық кеңесінің өкілдері Алматының 2029 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындығын бағалады

Бүгін 15:50

Ұлттық ғылым академиясы KazNARU базасында Қытай ғылым академиясымен бірлескен One Health зерттеулер орталығын ашты

Бүгін 15:47

Air Astana Қазақстанда бірінші болып DHL GoGreen Plus сертификатын алды

Бүгін 15:39

Алакөл жағалауында «Алакөл толқыны» фестивалі өтті

Бүгін 14:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);