Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақ күресінен Ұлттық ұлан чемпионаты өтті

Қазақ күресінен Ұлттық ұлан чемпионаты өтті

Спорт 15.03.2024, 04:11 1,198
Қазақ күресінен Ұлттық ұлан чемпионаты өтті
Сурет: Ұлттық ұлан

Өскемендегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы жекпе-жек сарайында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының кубогы үшін қазақша күрестен жеке және командалық чемпионат өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап 


Жарыс 1995 жылғы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан Қазақстан ІІМ Ішкі әскерінің 17 жауынгерін еске алуға арналды.


Чемпионатқа қатысушылар алдымен тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.


«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Арман Жұмағалиев ұлттық спортты ұлықтау маңызды екенін атап өтті.


-Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында салауатты өмір салтын және бұқаралық спортты оның ішінде ұлттық спорт түрлерін дамытуды насихаттау мемлекеттің маңызды міндеті екенін айтты. Қазақ күресі – әскери қызметшілердің денесін ширатып, ептілікке баулитын ұлттық спорт түрі. Күрес жігіттеріміздің рухын көтеріп, төзімін шындайды, шыдамды болуға тәрбиелейді. Мұның бәрі әскери қызметшілерімізге жүктелген тапсырмаларды орындауда зор пайдасын тигізеді, - деді ол.


Чемпионатқа 7 команда қатысты. Олар – «Шығыс», «Оңтүстік», «Орталық», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарының, Ұлттық ұлан академиясының және тікелей бағыныстағы №6654 әскери бөлімі мен №5573 бригадасының құрама командалары.


Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы Дене даярлығы және спорт бөлімінің басшысы Сәтжан Әбішев жарыстың деңгейі жоғары екенін атап өтті.


-Мұнда республикалық деңгейде бақ сынап жүрген спортшы сарбаздарымыз да қатысып жатыр. Биыл ұлттық спорт түрін дамыту үшін Ішкі істер министрі мен оның орынбасары әрі Ұлттық ұланның бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақановтың қолдауымен алғаш рет осындай чемпионат өткізіліп отыр. Бүгінгі біздің біріншілік іріктеу есебінде болады, - деді полковник.


Оның айтуынша, осы чемпионатта жеңіске жеткендер 1-3 сәуір аралығында Щучинскте өтетін Ішкі істер министрінің кубогында Ұлттық ұланның намысын қорғайды.


- 21-23 мамыр аралығында Қызылордада ҰҚК кубогы ұйымдастырылады. Топ жарған сарбаздар биыл шілдеде Астанада өтетін «Қазақстан барысы» сайысына да қатыса алады, - деді полковник Сәтжан Әбішев.


Жарыстың қорытындысы бойынша командалық есепте бас жүлдені астаналық №5573 бригадасының құрамасы жеңіп алса, екінші орынды «Батыс» өңірлік қолбасшылығының құрама командасы иеленді. Үшінші орын "Орталық" өңірлік қолбасшылығының құрамасына бұйырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #Күрес #біріншілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика