AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақ күресінен әлем чемпионаты басталды

Қазақ күресінен әлем чемпионаты басталды

Спорт 13.12.2022, 02:20 1,548
Қазақ күресінен әлем чемпионаты басталды
Сурет: Ашық дереккөз

Бұл біріншілік - үш жас мөлшерін қамтыған алғашқы бәсеке


Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен әлем чемпионаты басталды. Үш күнге созылатын дүбірлі додаға әлемнің 40-қа жуық мемлекетінен 350 балуан қатысып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл біріншілік - үш жас мөлшерін қамтыған алғашқы бәсеке (ересектер, жастар және жасөспірімдер). Жарыс бағдарламасына сәйкес, жасөспірімдер мен жастар әрқайсысы 5 салмақ дәрежесінде кіл мықтыны анықтайды. Ал ересектер 12 салмақ дәрежесінде (ерлер 8, әйелдер 4) белдесуде.


Ұлттық құраманың өкілдері, «Дала қыраны» титулының иегерлері әлемдік жарыста ел намысын қорғап жатыр. Олар – Бекжан Төлепов (55 кг), Марат Нигматуллаев (60 кг), Нұр Аманшүкіров (66 кг), Жұмажан Қожамбеков (74 кг), Айдын Дартаев (82 кг), Тоқтарбек Айдарбек (90 кг), Мұхит Тұрсынов (100 кг) және Нұрдәулет Жарылғапов (+100 кг).


Qazaq kuresi қауымдастығы алғашқы күннің нәтижелерін жариялады. Кеше чемпионатта ересек спортшылар бозкілемге шыққан. Атап айтқанда, ерлер 82, 90, 100 және +100 келі салмақта күш сынасты. Ал әйелдер 75 және +75 келі салмақта мықтыны анықтады.


82 кг


І орын – Aйдын Дартаев (Қазақстан)


ІІ орын – Умид Есанов (Өзбекстан)


ІІІ орын – Амир Шейх Хосейни (Нидерланд)


ІІІ орын – Хамроз Ражабов (Тәжікстан)


90 кг


І орын – Томас Степаниак (Польша)


ІІ орын – Жамалбек Асылбекуулы (Қырғыз)


ІІІ орын – Тоқтарбек Айдарбек (Қазақстан)


ІІІ орын – Иван Козов (Молдава)


100 кг


І орын – Mарат Байкамуров (Қазақстан)


ІІ орын – Баһриддин Абдурайымов (Өзбекстан)


ІІІ орын – Алексей Лусенко (Польша)


ІІІ орын – Даваабат Цогтбаатар (Mонғолия)


+100 кг


І орын – Нұрдәулет Жарылқапов (Қазақстан)


ІІ орын – Бекболат Тоқтоғонов (Қырғыз)


ІІІ орын – Георгий Шагелишвили (Грузия)


ІІІ орын – Мухсин Хисомиддинов (Өзбекстан)


Қыздар арасындағы бәсекенің нәтижесі төмендегідей:


75 кг


І орын – Батцецег Цог-Ошир (Монғолия)


ІІ орын – Деборах Вос Кайли (Нидерланд)


ІІІ орын – Филура Ергашова (Өзбекстан)


ІІІ орын – Саһбаз Сенанур (Түркия)


+75 кг


І орын – Нагира Сарбашова (Қырғыз)


ІІ орын – Кебадзе Елене (Грузия)


ІІІ орын – Рахима Юлдошова (Өзбекстан)


ІІІ орын – Мөлдір Азамат (Қазақстан)


Айта кетейік, еліміздегі қазақ күресінен үш федерацияның басын біріктіріп, ұлттық күресімізді ел ішінде және шетелдік аренада насихаттап жүрген Qazaq kuresi қауымдастығы биыл Біріккен күрес әлемінің (UWW) құрамына кірген болатын. Алдағы уақытта барлық халықаралық жарыстар UWW-мен бірлесіп өткізіледі.


Қазақ күресінен әлем чемпионатын Insport телеарнасынан әлеуметтік желідегі парақшасынан тікелей эфирде көруге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ күресі #Әлем чемпионаты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Кеше 19:28

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Кеше 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Кеше 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Кеше 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Кеше 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика