AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / «Қазақ киносының ұлы тұлғалары» байқауының қорытын...

«Қазақ киносының ұлы тұлғалары» байқауының қорытындысы шықты

Өмір-өзен 13.12.2021, 11:13 1,722
«Қазақ киносының ұлы тұлғалары» байқауының қорытындысы шықты

Байқауға Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының кино факультетінің студенттері - барлығы 30-дан астам адам қатысты.


Алматы қаласының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» арнайы жобасын ілгерілету аясында ұйымдастырылған «Қазақ киносының ұлы тұлғалары» байқауының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Байқауға Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының кино факультетінің студенттері - барлығы 30-дан астам адам қатысты. Әрбір ұсынылған жұмыс Шәкен Айманов, Әмина Өмірзақова, Серке Қожамқұлов және т.б сияқты қазақ киносы корифейлерінің өмірі мен шығармашылығына деген үлкен махаббат, жылулық және ілтипатқа толы.



Тәуелсіз сараптама комиссиясының талдау қорытындысы бойынша, үздік үш жұмыс іріктеліп алынды. Онда студенттер біздің мәдени мұрамызға - қазақ киносы мен телевизиясына өздерінің креативті көзқарасын білдірді. Байқау жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.



«Үздік режиссура» номинациясы бойынша «Игорь Вовнянко: человек – оркестр» фильмінің авторлары, «Креативті шешім» номинациясы бойынша «Наш милый доктор – Юрий Померанцев» фильмінің авторы, «Үздік фильм» номинациясы бойынша журналист Бейсен Құранбек туралы «БАҚ» фильмінің авторлары марапатталды. Сондай-ақ, өзге де студенттер, шығармашылық топтар мен оқытушылар арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.



Іс-шараға Алматы қаласының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің өкілдері Касымова Раушан Нуркасымовна, Касыметова Бахытгуль Техниковна, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының ректоры Әмірбеков Шәріпбек Ағабайұлы және оқытушылар мен студенттер қатысты.


Байқау ұйымдастырушылары мұндай іс-шаралардың мәдени мұраны жандандыру мен сақтауға, студенттердің креативті ойлауын дамыту және жас ұрпақтың шығармашылығын ынталандыруға ықпал ететінін атап өтті.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#өнер #байқау #Академия #Кино
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Бүгін 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);