AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Қазақ киносы әлемдік фестивальге қатысады

Қазақ киносы әлемдік фестивальге қатысады

Не? Қайда? Қашан? 27.07.2021, 11:59 2,197
Қазақ киносы әлемдік фестивальге қатысады
Сурет: «Қазақфильм» АҚ-ның баспасөз қызметі

Бұл кино байқау 5-25 тамыз аралығында Канадада өтеді.


Режиссер-дебютант Райымбек Әлжановтың «Мерген» атты қысқаметражды фильмі жанрлық киноларға арналған әлемдегі беделді фестивальдердің бірі – халықаралық Fantasia кинофестиваліне қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазақфильм» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген.



«Мерген» фильмінің алғашқы көрсетілімі Fantasia кинофестивалі шеңберінде өтетініне өте қуаныштымыз. Монтаждау жұмыстары аяқтала салысымен, фильмді осы байқауға жібердік. Осы орайда маған қолдау білдіріп, фильмнің шығуына атсалысқан барлық түсіру тобына ерекше алғысымды білдіргім келеді», - деді режиссер Райымбек Әлжанов.



 Фильмнің оқиғасы XVII ғасырдағы Ұлы даладағы соғыс кезінде өрбиді. Аталған фильмде жас та болса, қолына қару алып, отбасын қоғауға бел буған Мерген есімді баланың өмірі баяндалады. Фильмдегі басты рөлді Әлихан Әби сомдайды. Сондай-ақ бұл картинаға Райхан Айтқожанова және Дулыға Ақмолда сынды танымал актерлер түскен. Фильмнің түсіру жұмыстары Алматы облысындағы Түрген шатқалында және «Қазақфильмнің» павильондарында жүргізілді.


Осымен 25-ші рет өткізіліп жатқан Fantasia халықаралық кинофестивалі - әлемдегі жанрлық фильмдерге арналған бірден бір байқау. Аталған кинофестиваль шеңберінде Квентин Тарантино түсірген «Беславные ублюдки», Тимур Бекмамбетовтың «Ночной дозор», сондай-ақ «Пункт назначения» франшизасының бір бөлімінің тұсауы кесілген болатын.


Айта кетсек, фестивальдің Radical spirit атты қысқаметражды фильмдерге арналған байқауына қазақстандық кинотуындымен бірге Ұлыбритания, Мексика, Австралия, АҚШ, Қытай және Оңтүстік Кореяның туындылары қатысады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #Кино #фестиваль #Канада #қазақфильм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 20:17

«Логотип әзірлеу және оны презентациялау» байқауы: шығармашылық пен кәсібиліктің тоғысуы

Бүгін 19:13

«Вечерний Алматы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды

Бүгін 18:27

Саз әлемінің сардары дүниеге келген күн: Ахмет Жұбанов туралы сіз білмейтін 10 дерек

Бүгін 18:02

Алматыда инклюзия жүйесін құру жолдары талқыланды

Бүгін 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика