Ғылым - адамзаттың айнасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен, жаңадан жарық көрген ғылыми еңбектердің тұсаукесері болып өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
Жиынға ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Институт директоры Кенжехан Матыжанов модераторлық жасады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова, белгілі әдебиеттанушы, өнертанушы, фольклортанушы ғалымдар Тынысбек Қоңыратбаев, филология ғылымдарының докторы Бақытжан Әзібаева, алаштанушы Айгүл Ісмақова, әдебиеттанушы профессор Қанипаш Мәдібаева, филология ғылымдарының кандидаты Сағатбек Медеубек, әуезовтанушы Гүлзия Пірәлиева, шетел әдебиетін зерттеуші Светлана Ананьева, фольклортанушы Дүйсенгүл Жаһан, институт директорының ғылым жөніндегі орынбасары Альмира Қалиева, шығыстанушы Төрәлі Қыдыр, жазушы Серік Асылбекұлы, дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісова, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Оразқұлова Қалдыгүл, т.б. мәдениет пен руханият жанашырлары, жас ғалымдар қатысты.
Шараның мақсаты - М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының соңғы 3 жылда жарық көрген ғылыми, академиялық еңбектері мен танымдық, әдеби-көркем басылымдарын ғылыми ортаға таныстыру, кітапхана қорына тапсыру арқылы жалпы айналымға енгізу және көпшілікке насихаттау.
Тұсаукесер рәсімінде Қазақ фольклорының қастерлі ұғым-түсініктер әлемі, Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы, Ұлы дала ойындары (Ойындық фольклор), Матыжанов К. Казахский семейный фольклор, Қожа Ахмет Ясауи хикметтері, «Рухани жаңғыру» идеясын жүзеге асырудағы көркем әдебиеттің рухани ресурстық әлеуеті, Жаһандану дәуіріндегі «Рухани жаңғыру» концептіндегі ұлттық код: көркемдік және әдебиеттанулық негіздері, Қазіргі қазақ драматургиясындағы инновациялық ізденістер, Абай ілімі – ұлттың рухани-мәдени коды, Культура в глобальном мире, Казахстан в моей судьбе. Хрестоматия современной литературы. Поэзия. Т. 1., Казахстан в моей судьбе. Хрестоматия современной литературы. Проза. Т. 2., М.О. Әуезовтің Қазақстандағы әдебиеттану және әдеби сынның дамуы мен қалыптасуындағы рөлі, «XVII Әуезов оқулары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары, «XVIII Әуезов оқулары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары, Литература Казахстана в зарубежных источниках, Тәуелсіздіктің 30-жылдығына арналған «Тәуелсіздік: әдебиет пен көркем өнер» атты халықаралық ғылыми конференция, Абай шығармаларының академиялық толық жинағы. Үш томдық. І-ІІ-ІІ-том, Жамбыл шығармаларының академиялық толық жинағы. Үш томдық. І-ІІ-ІІ-том, Жастардың ұлттық сана-сезімін қалыптастырудағы көркемөнердің рөлі, Культурная парадигма «Мәңгілік Ел» и глобализация искусства Казахстана. Коллективная монография, Жаһандық дәуірдегі қазақ дәстүрлі музыка мәдениетінің жаңғыруы, Қазтуғанова А. Жаһандық дәуірдегі күй өнерінің даму үдерісі, Көне күйлерді жүйелеу мен іріктеу жұмыстарының өзекті мәселелері, Воспевая прекрасное – вечные духовные ценности. Материалы международной научно-практической конференции, приуроченной к 85-летию член-коресспондента НАН РК, доктора искусствоведения, профессора С.А.Кузембай сынды ғылыми-тәжірибелік дөңгелек стол материалдары, монографиялар, академиялық жинақтар таныстырылды.
Институт – қазақ көркем мәдениетін тұрақты түрде әрі кешенді зерттеумен айналысатын Қазақстандағы бірден-бір мекеме. Еліміздің рухани-мәдени әлеміндегі көркем құбылыстарды іргелі және қолданбалы тұрғыда зерттей отырып, ұлттық таным мен зерделі ой көкжиегін кеңейтуге үлес қосып келе жатқан ғылым шаңырағының кейінгі еңбектері сан салалы.
Осы ретте әдебиет пен өнердің ұрпақ тәрбиесіндегі орны мен рөлі, көркем өнердің жеке салаларының даму үрдістері, жаһандық мәдениет аясындағы қазақ руханияты, көркемдік интеграциялар, ұлттық жадтың жаңғыруы сынды мәселелерге арналған монографиялық еңбектер мен ғылыми жинақтар, антологиялық, хрестоматиялық томтамалар, ғылыми-академиялық аудармалар айналымға қосылып отыр.
Тұсаукесер рәсімінде әрбір ғылыми еңбектің мән-мағынасы түсіндірілді. Іс-шарада халықтың дәстүрлі әндері орындалды. Көз майын тауысып жұмыс жасап жүрген ғалымдардың орасан зор еңбегі айтылды.