AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақ ертегілерінің жинағы Ресейде жарық көрді

Қазақ ертегілерінің жинағы Ресейде жарық көрді

Әлем 29.10.2023, 06:46 1,546
Қазақ ертегілерінің жинағы Ресейде жарық көрді
Сурет: Kzkazan.ru

Жинаққа ХIX – ХХ ғасырдың бірінші жартысында жинақталған, орыс тіліне аударылған және әртүрлі басылымдарда жарияланған қазақ халық ертегілері енгізілген.


Мәскеудегі Қазақстанның Елшілігінде “Үш жүз қазақ ертегісі” екі томдық кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Оған белгілі фольклортанушы Виктор Сидельников дайындаған Қазақ КСР Ғылым академиясының үш томдық (1958-1964) басылымының мәтіндері негіз болды.



Шараны ашқан Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев жинақты қазақ халқының бай мәдениетін танытатын жай ғана кітап емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан, шекараны білмейтін сиқырлы, шытырман оқиғалы және даналық әлемі деп атады. Ол екі томдық кітап әркімге балалық шаққа қайта сүңгіп, ертегі оқиғасын жаңаша сезінуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Елші шығармашылық ұжымға қазақ әдебиетіне осындай жылы көзқарасы үшін алғысын білдірді.


Өз кезегінде басылымның бірлескен бастамашысы, Мемлекетаралық даму корпорациясының бас директоры Иван Поляков кітап идеясының қалай туғандығымен бөлісті.



“Жас кезімде қазақ ауыз әдебиеті маған қатты әсер етті. Көп жылдардан кейін мен балаларымды Қазақстанның халық өнерімен таныстырғым келді. Алайда мен еш жерден лайықты әдебиет таба алмадым. Осыған байланысты қазақ ертегілерін қайта басып шығару жұмыстарын жүргізу идеясы туындады”, – деп атап өткен Иван Поляков кітап Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға септігін тигізетінін айтты.



“Весь Мир” баспасының директоры әрі бас редакторы Олег Зимарин Қазақстанға сапарларының бірінде қазақ ертегілерімен таныс болғанын еске алды. “Ертегілер – ұлттық болмыстың, мінездің, психологияның, адамдық даналықтың көрінісі. Қарапайым өмірде біз ұлттық фольклорға қаншалықты қаныққанымызды да толық түсінбейміз”, – деді ол.


Шараға қатысушылардың айтуынша, шым-шытырық сюжетті, әзіл мен қиялды қамтитын тартымды мәтіндері бар “Қазақтың үш жүз ертегісі” жинағы өз оқырманын тауып, барлық жастағы адамдардың қызығушылығын тудырмақ.


Жоба Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы Елшісі Ермек Көшербаевтың бастамасымен және қолдауымен жүзеге асты. Кітаптағы иллюстрацияларды жас суретші Әйгерім Уәлиханова мен Ксения Буркова жасаған.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ертегі #Қазақ #Ресей #жинақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);