AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақ елінде Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалім...

Қазақ елінде Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығы құрылды

Білім және ғылым 21.12.2021, 15:20 1,807
Қазақ елінде Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығы құрылды
Сурет: Іnform.kz

Елімізде негізгі пәндер бойынша Республикалық педагогтер қауымдастығы құрылады


Бұл туралы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері мұғалімдерінің съезінде жария етілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап


Іс-шараға Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, еліміздің барлық өңірінен келген педагогтер, лингвист-ғалымдар, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ректорлары қатысты.


Мұғалімдер тәжірибелерімен бөлісіп, қазақ тілі мен әдебиетін оқыту сапасын арттыру, қашықтан оқытуға байланысты білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мәселелерін талқылады.


Педагогтер қазақ тілін оқыту сапасын арттыру және пән бойынша үлгілік оқу бағдарламасын жетілдіру туралы ойларымен бөлісті. Олар сондай-ақ қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудағы жаңа тәсілдерді қарастырудың маңыздылығын атап өтті.


Сонымен қатар съезде елімізде негізгі пәндер бойынша Республикалық педагогтер қауымдастығы құрылатыны туралы хабарланды. Мұғалімдер қауымдастығы өзекті мәселелерді талқылау алаңына айналады. Осылайша, алғашқылардың бірі болып қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығы құрылды. Қауымдастықтың бөлімшелері еліміздің әрбір ауданында, қала мен барлық өңірде жұмыс істейтін болады.



«Бүгін біз маңызды мәселені көтеріп, қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту сапасын ашық талқылап отырмыз. Егер бұл мәселелерді шешу жолдарын іздемесек, біз одан әрі дамымаймыз. Бұл қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша оқулықтардың мазмұны, оқу бағдарламалары және жоғары оқу орындарында мамандар даярлау мәселелері. Өзекті сұрақтарды талқылау және шешу, сонымен бірге пәндерді оқыту сапасын арттыру өте маңызды. Әрбір пәннің орны ерекше: математика, физика, химия, ағылшын тілі, дене шынықтыру және басқа да пәндер маңызды болып табылады.Сондықтан мұндай съездер дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, аталған форумдар мектеп қабырғасында оқытылатын басқа да пәндер бойынша өткізіледі», – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.



Орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің съезі келесі аптаға жоспарланған.


Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы аясында мемлекеттік тілді одан әрі дамыту, атап айтқанда, оқу бағдарламаларын жаңарту, оқу және көркем әдебиетке қолжетімділікті қамтамасыз ету міндетін қойған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ елі #тіл #әдебиет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);