AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақ елі экономикасы тұрақты елге айналды

Қазақ елі экономикасы тұрақты елге айналды

Экономика 10.12.2021, 11:16 2,258
Қазақ елі экономикасы тұрақты елге айналды
Сурет: 24.kz

Көшбасшылық, тұрақтылық пен ілгерілеу – Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының, дамуының және нығаюының негізінде жатқан маңызды ұғымдар


Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық конференцияда мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.


Өз сөзінде ол Қазақстанның Орталық Азия елдерінің ішінде бірінші болып БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болғанын ерекше атап өтті. Нұрлан Нығматулин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған саясатты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәтті жүзеге асырып жатқанынын да тілге тиек етті.



«Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 30 жылдың ішінде экономикасы мықты, қоғамы тұрақты, халқы тату, мәртебесі биік тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалады. Оны одан әрі нығайту үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси, әлеуметтік-экономикалық реформаларды қолға алып, нақты стратегиялық міндеттер қойды. Біз бір ел, бір халық болып осы алға қойған мақсаттарымызға абыроймен жетеміз деп сенемін», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин.



Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы артып келеді.


Сонымен қатар конференцияға шетелдік және қазақстандық көрнекті мемлекет, саяси және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. РФ Мемлекеттік Думасы Төрағасының бірінші орынбасары Александр Жуковтың айтуынша, Қазақстан – бүкіл Еуразиядағы интеграциялық үдерістердің локомотиві. Тәуелсіздік жылдарында еліміз үлкен экономикалық серпіліс жасай алды. Атап айтқанда, көршілес елдермен тауар айналымының көлемі жыл сайын артып, бірлескен кәсіпорындар іске қосылып, еңбек көші-қоны дамып келеді. Қазақстан әлем мойындаған көшбасшы елдердің қатарында.



«Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасты деп нық сеніммен айтуға болады. Біз Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтың толыққанды белсенді мүшесі бола отырып, бейбітшілік пен келісімді сақтауға бағытталған көпвекторлы сыртқы саясатты ұстанатынын көріп отырмыз. Оның артында бейбітшілікті сақтау мен тұрақты даму негіздері бар. Бұл бастамалар Қазақстаның әлемдік аренадағы беделін айшықтады», - деді РФ Мемлекеттік Думасы Төрағасының бірінші орынбасары Александр Жуков. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #экономика #тұрақты #ел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда өткен KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам келді

Кеше 18:52

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Кеше 18:28

Мемлекеттік басқаруда жаңа технологиялық мәдениетті қалыптастыру және цифрлық шешімдерді ауқымдау

Кеше 18:25

Шығармашылық индустрияны дамыту және ЖИ саласындағы кадрларды дайындау

Кеше 18:22

Жаппай цифрландыру және ЖИ енгізу елді кешенді жаңғыртудың негізгі факторларының бірі болып табылады

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика