Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақ баспагерлері әлемдегі атақты кітап жәрмеңкес...

Қазақ баспагерлері әлемдегі атақты кітап жәрмеңкесіне қатысып жатыр

Мәдениет 20.10.2023, 06:07 1,349
Қазақ баспагерлері әлемдегі атақты кітап жәрмеңкесіне қатысып жатыр
Сурет: 24.kz

Германияда атақты Франкфурт кітап жәрмеңкесі басталды.


Кітапсүйер қауымға арналған ең көне көрмеге биыл 75 жыл толып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараға 100 мыңнан астам мейман қатысады. Жәрмеңкеге қазақ баспагерлері де барған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Биыл 100-ге жуық мемлекеттен 4 мың баспа өнімі ұсынылып отыр. Арасында жалпы әдебиет, балалар шығармалары, электрон кітаптар, караталар мен көне қолжазбалар бар. Ал Қазақстаннан 5 баспа барған. Мәселен, «Алматыкітап» Ыбырай, Шоқан, Абай сынды қазақ ғұламаларының мұрасы мен өмірі туралы том-том кітаптарды таныстырып жатыр. Олар ұлттық нақышта бейнеленген кітаптарға сұраныс жоғары дейді.



«Біз ерекше дайындықпен келдік. Осы жолы ұлттық мерекеміз - Наурыз туралы балаларға арналған жинақ алып келдік. Тілі - жеңіл әрі қызықты. Басқа елдердің балаларына Наурыз мейрамының маңызын түсіндіреді. Қосымша QR код арқылы қазақтың әсем әндерін тыңдауға болады», - дейді «Алматыкітап» баспасының президенті Гаухар Саймасаева.


«Мына ерекше кітаптарға бірден көзім түсті. Мысалы, қазақтың ұлттық ерекшеліктері туралы кітап киіз үй түрінде әзірленіпті. Мәтіні де айрықша, оқыған адамды бірден баурап алады екен», - дейді Берлин университетінің профессоры Бостьян Дворак.



Франкфурт жәрмеңкесі – оқырмандарды ғана емес, сондай-ақ қаламгер, баспагер, аудармашыны бір арнаға тоғыстырған үлкен шығармашылық алаңы. Қазақстан өкілдері бірнеше келіссөз жүргізіп үлгерген. Соның ішінде, Ұлыбританияның ең ауқымды баспа үйімен жаңа кездесу өткізді.



«Біз қазақстандық серіктестермен жыл сайын кездесеміз. Ондағы 4 баспа үйі және басқа компаниялармен тұрақты байланыстамыз. «Алматыкітап» баспасымен жұмыс істеп жүргенімізге 15 жылға жуықтады. Осы жолы оларға балалар әдебиетінен түрлі оқулықтар, энциклопедия, кітаптарымызды ұсындық. Көңілден шыққандарын қазақ тіліне аударамыз деп отыр», - дейді баспа үйінің өкілі Бранислав Хроженчик.



Бұл жерде қаламгерлердің кітабын таныстыруға да зор мүмкіндік бар. Жәрмеңке 5 күнге созылады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ баспагерлері #жәрмеңге #Франкфурт #Германия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика