Газетіміздің №86 («Депутат қояр сауал көп») және №88 («Мәжілістегі мәселе: «Партиясыз» депутаттар басым түсті») сандарында «Мәжіліс депутаттары саяси белсенді ме?», – деген сұраққа жауап іздеп едік. Ал №116 санында («Жаңа саяси маусым: Қай саяси партия белсенді?») жаңа саяси маусымды мәжіліс депутаттары қалай бастағаны туралы сөз қозғадық. Енді депутаттардың, биліктегі партиялардың қазан айындағы саяси белсенділігін сараптап көрсек. Ол үшін депутаттық сауалдарға жүгіндік.
Саяси белсенділік төмендеді
Биыл 1 қыркүйекте жаңа саяси маусым басталды. Парламент Мәжілісінің VIII шақырылым 2-сессиясы жұмысқа кірісті. Бір ай бойы Мәжіліс депутаттары уәкілетті органдарға 66 депутаттық сауал жолдаған. Қазан айында барлық фракциялардың саяси белсенділігі екі есе төмендеді. Депутаттар 35 сауал жолдаған. Бұған адами фактор әсер етуі мүмкін. Кез келген істі белсенді бастайтынымыз бар емес пе? Одан кейін бастапқы құлшыныс басылады. Сондықтан бұдан саяси астар іздеудің қажеті жоқ.
Оқырманға ескерте кететін бір жайт бар. Алдыңғы айда 5 сауалды бірмандатты округтан сайланған депутаттар жолдады. Ал қазанда 5 сауалды депутаттар бірлесіп жазған.
Айы |
AMANAT |
Ақ жол |
ҚХП |
Ауыл |
Respublica |
ЖСДП |
Қыркүйек |
32 |
10 |
7 |
6 |
3 |
3 |
Қазан |
13 |
5 |
5 |
4 |
2 |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
AMANAT көшбасшы, «ЖСДП» мен Respublica көш соңында
Депутаттық сауал жолдаудан AMANAT тағы да көш бастап келеді. Қазан айында билеуші партия депутаттары 13 сауал жолдаған. «Ақ жол» мен «ҚХП» екінші орынды бөлісті. Алаш идеясын дәріптеуші және кәсіпкерлерді қорғаушы партия мен бұрынғы коммунистер әрқайсысы 5 депутаттық сауалдан жолдаған. Бұл олардың алдыңғы шақырылымдарда жинаған саяси тәжірибесімен байланысты.
«Ауыл» партиясы оларға ілесе келе жатыр. Ауылдың мәселесін көтеретін депутаттар 4 сауал дайындаған. Ал Respublica және «ЖСДП» көш соңында. Қыркүйек айында да жағдай тура осындай еді. Тек оппозициялық «ЖСДП» өткен айдағымен салыстырғанда, күрт төмендеген.
«Ақ жол» жеке-дара
Фракциялардың белсенділігін анықтаудың тағы бір маңызды көрсеткіштің бірі – өзге партияға қосылып депутаттық сауал жолдау. Халық қалаулылары мұндай саяси әдісті жиі қолданады. «Ауру қалса да, әдет қалмайды» деген осы шығар. Тағы бір ерекшелігі, бір партияның ішінде де бірлесіп сауал жолдау әдеті қалыптасқан. Көп сауалды партияластар бірлесе жазады. Мұны жақсы деп те, жаман деп те айта алмаймыз. Мұның еш әбестігі жоқ. Ұжымдық пікір деп қабылдауға болады. Алайда, бір фракцияның ішінде ішкі ережеге сай еркіндік те болуы керек. Өз пікірін еркін білдіре алса партияның ішінде саяси бәсеке болады.
Өзге партия депутаттары бастамасына қосыла сауал жолдаудан бұл жолы AMANAT (9) көш бастап тұр. Қыркүйекте «ҚХП» белсенді еді. «Ақ жол» бұл жолы да жеке дара әрекет ететінін көрсетті. Алайда, қазан айында ешқандай фракция бастама көтерген сауалға қосылмаған.
Өзге партияға бірлесе жазғаны |
AMANAT |
Ақ жол |
ҚХП |
Ауыл |
Respublica |
ЖСДП |
Қыркүйек |
13 |
7 |
28 |
13 |
15 |
11 |
Қазан |
9 |
0 |
6 |
6 |
8 |
5 |
«ЖСДП» жалғыз оппозиция
Сараптама нәтижесі көрсеткендей, бұл жолы да өзге фракция депутаттары билеуші партия саналатын AMANAT-пен біріккенді құптайды екен. Қыркүйек айында да осындай тенденция байқалған. Биліктегі партиялар AMANAT партиясымен бірлесе 12 сауал жолдаған.
«ЖСДП» бұл көрсеткіш бойынша да көш соңында келеді. Олар 1 ғана депутаттық сауал дайындаған, оның өзіне ешқай фракция мүшелері қосылмаған. Бұл олардың оппозициялық партия екенін көрсетеді.
Көрсеткіш |
AMANAT |
Ақ жол |
ҚХП |
Ауыл |
Respublica |
ЖСДП |
Қай партиямен бірлесе жазған? |
Ақ жол – 3 ҚХП – 1 Ауыл – 3 Respublica – 2 ЖСДП – 0 |
0 |
AMANAT – 3 Ақ жол – 1 Ауыл – 1 Respublica – 1 ЖСДП – 0 |
AMANAT – 4 Ақ жол – 1 Respublica – 1 ҚХП – 0 ЖСДП – 0 |
AMANAT – 4 Ауыл – 2 Ақ жол – 1 ҚХП – 1 ЖСДП – 0 |
Ақ жол – 2 AMANAT – 1 ҚХП – 1 Ауыл – 1 Respublica – 1 |
Депутаттарды діни радикализм алаңдатады
Қазан айында Мәжіліс депутаттары 3 депутаттық сауалда діни радикализм мәселесін көтерген. Діни радикализм қаупі төнген кезде басым депутаттардың басы бірікті.
4 қазанда AMANAT партиясы фракциясы бастамасымен діни радикализмнен төнген қауіп жайлы мәселе көтерілді. Депутаттар домбыра харам деген және бетін бүркемелеген азаматтар ұлттық құндылықтарға қарсы әрекет етуде деген пікірде білдіріп заңмен тыйым салуды ұсынды. Бір қызығы, осы сауалға «ақжолдықтар» қосылған жоқ. Себебі, олар өздерінің бастамасымен тура сол күні жеке сауал жолдады. «Ақ жол» партиясы сауалда кезінде 2011 жылы діни теріс ағымдарға заңмен тыйым салу керектігі туралы бастама көтергенін жазған. Бірақ сол кезде жалғыз ҰҚК ғана заңға қарсы болғанын тілге тиек еткен. Тағы бір қызығы, «ақжолдықтардың» бұл сауалына аманаттық бір топ депутат та қосылған.
Үшінші депутаттық сауал да сол күні жолданған. Оның авторлары бірмандатты округтан сайланған депутаттар.