AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда жаңа форматтағы емхана салынады

Алматыда жаңа форматтағы емхана салынады

Медицина 25.05.2026, 11:41 559
Алматыда жаңа форматтағы емхана салынады
Алматы әкімдігі

Алматыда жаңа форматтағы емхана салынады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бір ауысымда 500 адам қабылдай алатын денсаулық сақтау нысаны «Шұғыла» шағынауданында орналасқан. Бұл Наурызбай ауданының қарқынды өсіп келе жатқан тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жоба Алматының денсаулық сақтау жүйесін кешенді дамыту бағдарламасы аясында қолға алынған.

Ғимараттың жалпы аумағы 12,7 мың шаршы метр болады. Емхана үш қабатты. Мұнда педиатрия, терапия, хирургия бөлімдері, әйелдер консультациясы, күндізгі стационар және оңалту орталығы қарастырылған.

Қалалық құрылыс басқармасының мәліметінше, нысан озық медициналық техникамен жабдықталады. Емханада МРТ, КТ, маммография, рентген кабинеттері және автоматтандырылған зертхана бөлімшесі жұмыс істейді.

Жоба барысында келушілерге қолайлы орта қалыптастыруға ерекше мән берілген. Балалар мен ересектерге арналған кіреберістер бөлек жасалып, бұл пациенттер легін тиімді ұйымдастыруға және кезекті азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустар мен жеделсатылар орнатылады.

Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарының шамамен 40 пайызы аяқталған. Нысан құрылысы жоспарға сай жүргізілуде. Сонымен бірге іргелес аумақты көркейту және көгалдандыру жұмыстары қатар атқарылып жатыр. Емхананы 2026 жылы қараша айында пайдалануға беру жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#емхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56

Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында 35 жоба іске асырылуда

Бүгін 16:47

Наурызбай ауданында ұзындығы 151,4 шақырымды құрайтын инженерлік желі салынуда

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);