конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Қауіпті диагноз қойылуы мүмкін: көз шаршамау үшін...

Қауіпті диагноз қойылуы мүмкін: көз шаршамау үшін істеу керек?

Мұны білген жөн 08.09.2025, 16:15 898
Қауіпті диагноз қойылуы мүмкін: көз шаршамау үшін істеу керек?
depositphotos.com

Компьютер алдында ұзақ отырған соң көз шаршайтыны белгілі. 29 жастағы Аманда Хан бұған мән бермеген, нәтижесінде оған қауіпті диагноз қойылған, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Бірнеше жыл бойы Аманда кейде қолы мен аяғының жансызданатынын, есте сақтау қабілетінің нашарлағанын байқаса да, оған мән бермеген. Бірақ көзіндегі қатты ауырсыну оны алаңдатты. Төменге немесе жан-жағына қараған сайын көзінде шаншу пайда болды.

"Алғашында мұны жұмыстан көрдім. Маркетинг саласында істеймін, күні бойы компьютерге қарап отырамын", – дейді ол.

Көп ұзамай көруі нашарлап, түстер дұрыс көрінбей бастады. Аманда офтальмологқа барып, МРТ жасатты. Дәрігерлер оған "енжар склероз" диагнозын қойды.

Ауру туралы

Енжар склероз - миды, жұлынды және көру жүйкесін зақымдайтын созылмалы аутоиммун дерт. Оны толық емдейтін әдіс жоқ, бірақ дұрыс терапия асқынуды азайтып, өмір сапасын жақсарта алады.

Өмірін өзгерткен диагноз

Басында Аманда бұл диагнозға сене алмады. Оның анасы да дәл осы дертпен ауырады. Диагнозды растау үшін ол бірнеше дәрігерге қаралды.

Қазір бұл оқиғадан жеті жыл өтті. Аманда ауруымен өмір сүруді үйренгенін айтады. 

"Қиын күндер болады, бірақ мен өзіме қуаныш сыйлайтын нәрселерге назар аударамын: белсенді боламын, адамдармен сөйлесемін, тәжірибемді бөлісемін".

Ол өмір салтын да өзгертті: күн сайын жаяу жүреді, дұрыс тамақтанады, ұйқысын реттеді. Қазір Аманда әлеуметтік желілерде өзінің оқиғасын айтып, басқа адамдарға мотивация береді.

Көз шаршамау үшін не істеу керек?

1. 20-20-20 ережесі
Әр 20 минут сайын 20 секундқа 6 метр қашыққа қара. Бұл көз бұлшықеттерін босаңсытады.

2. Көзді айналдыру жаттығуы

  • Көзіңді сағат тілімен 5 рет айналдыр.

  • Кейін сағат тіліне қарсы 5 рет айналдыр.

3. Алақанмен жабу (Пальминг)

  • Қолыңды жылытып, көзіңді алақаныңмен жауып, 1-2 минут қараңғыда отыр.

4. Көзді бір нүктеден алысқа әкету 

  • Терезеден сыртқа қарап, алыстағы затқа 3-5 секунд қара.

  • Сосын жақын затқа 3-5 секунд қара. 5-10 рет қайтала.

5. Көзді жиі жыпылықтату
Мониторға қарағанда жыпылықтауды ұмытып кетеміз. Әдейілеп жиі жыпылықта көздің құрғауын азайтады.

6. Үзіліс жасау
Көзге ең жақсы жаттығу – әр сағат сайын 5 минутқа монитордан мүлде қарамай демалу.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көз #денсаулық #қауіпті ауру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Аустралия жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр

Бүгін 18:36

Күту мен таңдау: сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың электоралды көңіл-күйі қалай өзгерді?

Бүгін 18:31

Күту мен таңдау: сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың электоралды көңіл-күйі қалай өзгерді?

Бүгін 18:28

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында өкпе обырын скринингтеу жалғасады

Бүгін 17:47

Алматы онкология орталығында өкпе обырының алдын алу апталығы өтті

Бүгін 17:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);