AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қауіпсіз қоғам – жүйелі жұмыстың нәтижесі

Қауіпсіз қоғам – жүйелі жұмыстың нәтижесі

Заң мен тəртіп Бүгін 15:08 37 yakiya
Қауіпсіз қоғам – жүйелі жұмыстың нәтижесі

Алматыда қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған жұмыстар түрлі салада қатар жүргізіліп келеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бүгінде бұл бағыт тек құқық бұзушылықтың алдын алумен шектелмей, отбасы институтын қорғау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру және қауіпсіз демалыс мәдениетін қалыптастыру сияқты маңызды міндеттерді қамтиды.

Осы бағыттағы бастамалардың бірі – қалада өткен «Қазақстан – отбасындағы зорлық-зомбылықсыз ел» атты флешмоб. Алматы қаласы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы мен Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасы ұйымдастырған акцияға 90-ға жуық студент қатысты. Жастар зорлық-зомбылыққа қарсы ұстанымдарын білдіріп, қоғамда өзара құрмет пен жауапкершілік құндылықтарын насихаттады.

Алматы қаласы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Тимур Ноғайбаевтың айтуынша, мұндай іс-шаралар қоғамда құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

– «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткізілетін мұндай акциялардың мақсаты – отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесіне қоғам назарын аудару, жәбірленушілерге қолдау көрсету және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді, – деді ол.

Мамандардың пікірінше, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тек құқық қорғау органдарының емес, барлық мемлекеттік мекеме мен қоғамдық ұйымдардың бірлескен жұмысын талап етеді. Осы мақсатта Алматыда алғаш рет тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған арнайы мекемеаралық жоспар әзірленіп жатыр.

Дағдарыс орталықтары одағы заңды тұлғалар бірлестігі басқармасының төрағасы Зүлфия Байсақова жәбірленушілердің көпшілігі көмекке бірден жүгіне бермейтінін атап өтті.

– Әйелдер көбіне ұзақ уақыт бойы зорлық-зомбылыққа төзіп жүреді. Оларға психологиялық қолдау, уақытша баспана, құқықтық және әлеуметтік көмек қажет. Сондықтан мемлекеттік құрылымдардың өзара іс-қимылын күшейту маңызды, – деді спикер.

Қоғамдық қауіпсіздіктің маңызды құрамдас бөлігінің бірі – қауіпсіз туризм. Жаз маусымының басталуымен Алматының таулы аймақтарына келушілер саны артып, қауіпсіздік мәселесі ерекше назарға алынуда.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Медеу бөлімшесіне қарасты Үлкен Алматы орманшылығының маманы Мұрат Рысқұл Үлкен Алматы көліне апаратын жолда жеке автокөліктердің, мототехниканың және электр көліктерінің қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

– Бұл жол күрделі тау бедері арқылы өтеді. Кейбір учаскелерде көріну мүмкіндігі төмен, тас құлау қаупі бар. Сондықтан қабылданған шаралар туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, – деді Мұрат Рысқұл.

Оның мәліметінше, Іле-Алатау ұлттық паркінде 46 туристік бағыт бар, оның 38-і келушілер үшін ашық. Барлық бағыттар мемлекеттік инспекторлардың бақылауында.

Бүгінде қоғамдық қауіпсіздік ұғымы әлдеқайда кең мағынаға ие. Ол көшедегі тәртіптен бастап отбасының амандығына, балалардың қорғалуына, интернеттегі қауіпсіздікке және табиғат аясындағы жауапты демалыс мәдениетіне дейінгі көптеген саланы қамтиды. Сондықтан қауіпсіз қоғам құру мемлекеттік органдарға артылатын жүк әрі әрбір азаматтың қатысуын талап ететін ортақ міндет болып қала береді.

Дана САДЫРҚАН.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Отбасындағы зорлық-зомбылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Заң мен тәртіп» – қауіпсіз қоғамның негізі

Бүгін 15:18

Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жұмыс күшейді

Бүгін 15:15

Шыңға ұмтылсаң, сақтықты серік ет

Бүгін 15:13

Алматыда Балаларды қорғау күніне орай инновациялық шығармашылық орталығы ашылды

Бүгін 14:08

Қазақстанда қанша бала бар?

Бүгін 12:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);