Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қатерлі ісікті дер кезінде анықтау - өміріңізді са...

Қатерлі ісікті дер кезінде анықтау - өміріңізді сақтап қалу мүмкіндігі

Медицина 27.01.2023, 09:52 1,659
Қатерлі ісікті дер кезінде анықтау - өміріңізді сақтап қалу мүмкіндігі
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматыда жыл сайын 100 мыңнан астам әйел скринингтен өтеді.


28 қаңтарда Папанин көшесі, 220, Литер А мекенжайы бойынша орналасқан Алматы онкологиялық орталығында сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жатыр мойны обырының алдын алу және ерте анықтау бойынша Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматы онкоорталығының онкогинекология бөлімшесінің меңгерушісі Райхан Болатбекованың айтуынша, гинекологқа жүйелі түрде барып, скринингтік тексеруден өтіп тұрса, жатыр мойны обырының алдын алуға болады, ал егер ол ерте сатысында анықталса, оны толық емдеуге болады.


Мұнда жатыр мойны обыры дамудың бастапқы кезеңінде ешқандай белгісі болмайтынын атап өткен жөн.



«Сондықтан тексеруден өтіп тұру керек. Бұл аурудың белгілері болмаған кездің өзінде ісікті ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Ауру белгілері пайда болғаннан кейін ісіктің одан әрі таралу мүмкіндігі туындаған кезде, ауруды емдеу күрделене түседі », - деп атап өтті онколог.



Алматыда жыл сайын 30 жас пен 70 жас аралығындағы 100 мыңнан астам әйел жатыр мойны обырына скринингтен өтеді.


2022 жылдың өзінде Алматыда жатыр мойны обырына скринингтік жас тобына кіретін 74098 әйел тексерілді. Оның ішінде 21 әйелде жатыр мойны обыры анықталса, тағы 538 әйелде ісік алды жағдайы анықталды.


21 жағдайдың бәрінде қатерлі ісік ерте кезеңде анықталғаны қуантады.


Қала тұрғындары скринингті тіркелген емханада өте алатынын тағы бір еске саламыз.


Жалпы, жатыр мойны обырын толық скринингтен өткізу аурушаңдықты 80%-ға төмендетуге және бұл аурудан болатын өлімді 70%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.



«Қазіргі уақытта жатыр мойны обырының 5 жылдық өмір сүру деңгейі, барлық кезеңдердегі анықтауды ескере отырып, 70% не одан да көпті құраса, ауруды бастапқы кезеңде анықтау кезінде бұл көрсеткіш 90%-ға жетеді», - дейді Райхан Болатбекова.



Ауруды дер кезінде анықтау үкім емес, өміріңізді сақтап қалу мүмкіндігі екенін ұмытпаңыз!


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қатерлі #ісік #скрининг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«BIR TOLQYNDA» диалог алаңының қатысушылары жаңа Конституцияны қолдады

Кеше 18:32

Өнер өкілдері жаңа Конституцияны қолдайтынын білдірді

Кеше 18:29

Алматы депутаттары нақтыланған бюджетті қолдады

Кеше 17:45

Антиқоғамдық әрекеттер жасалған: Алматыда түнгі клуб жабылды

Кеше 17:42

Өмірді жинақтаушы сақтандыру: ол қалай жұмыс істейді және не үшін қажет?

Кеше 17:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі