Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдағы баяндам...

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдағы баяндамасы: ұлттық мәдениет және деструктивті діни ағымдарға қарсы күрес

Әлеумет 16.03.2025, 15:21 923
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдағы баяндамасы: ұлттық мәдениет және деструктивті діни ағымдарға қарсы күрес
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтай отырысындағы баяндамасы маңызды және ауқымды мәселелерге арналды. Мемлекет басшысы салық реформасынан бастап біртұтас уақыт белдеуіне дейінгі тақырыптарды қозғап, сонымен қатар мәдениет пен дін мәселелеріне ерекше назар аударды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы дін бостандығының кепілдендірілгенін, бірақ тәртіпсіздіктің және деструктивті діни ағымдардың таралуына жол берілмейтінін атап өтті. Мажилис депутаты Ермұрат Бапи, Құрылтай мүшелері Дания Қыдырбаева мен Олжас Сүлейменнің пікірлеріне тоқтала отырып, Президент әсіресе спорт саласында таралып жатқан зиянды діни ағымдарға қарсы күш-жігер жұмсау қажеттігін мәлімдеді. Мемлекет басшысы еліміздегі діни ахуалдың тұрақтылығын сақтау үшін осы бағыттағы жұмысты күшейту маңызды екендігін ескертті.

Касым-Жомарт Кемелевич ұлттық сәйкестікті нығайтудың маңыздылығын тағы да атап өтті. Ол үшін басты рөлді қазақтың ежелгі мәдениеті мен дәстүрлері атқаратынын айтты. Президент, сонымен қатар, Наурыз мерекесінің ұлттық мәдениетіміздегі орны ерекше екенін атап өтіп, оны жалғастыру және дәріптеу қажет екенін айтты.

Президент ұлттың өзіндік ерекшелігін білдіретін ұлттық киімдерді қолданудың маңыздылығын да атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, «бет-жүзді жасыратын қара киімдерден гөрі, ұлттық стильдегі киімдерді кию әлдеқайда дұрыс». Ұлттық киімдер біздің этникалық сәйкестігімізді айқын көрсетеді және оны кеңінен насихаттау керек деп атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың баяндамасынан Қазақстанда ұлттық мәдениетті дамытуды, ұлттық сананы нығайтуды және деструктивті діни ағымдарға қарсы күресті одан әрі күшейтуді көздейтін саяси бағыттың жалғасып отырғанын байқауға болады. Мемлекет басшысы ұлттық бірегейлікті қорғау мен сақтау мәселесінде нақты қадамдар жасап, қоғамды тәртіпке шақыруды мақсат етуде, деп жазды дінтанушы Әл-Фараби Болатжан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрылтай #Дін #киім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Блогер Қайсар Хамза Вьетнамда ұсталды

Бүгін 21:11

Қарағанды мемлекеттік қызметшілері «Кітап оқитын ұлт» жобасында жоғары кітап оқу мәдениетін көрсетті

Бүгін 21:02

Алматыда ірі аяқталмаған құрылыс нысаны сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 18:01

Америкалық авто-саяхатшы әрі блогер Connor Қазақстанға тәнті болды

Бүгін 17:29

Алматыда Сәтбаев көшесінде жүргіншілерге арналған проекциялық жарықтандыру орнатылды

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика