Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқын ел Тәуелсіздігін...

Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады

Саясат 31.08.2021, 14:08 1,579
Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады
Сурет: Akorda.kz

Қырғызстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 30 жыл


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа жеделхат жолдап, қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Қырғызстан басшысын және қырғыз халқын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.



«Бұл – егемен Қырғызстан тарихындағы ұлттың бірлігін, тұрақтылығын, жасампаздық рухын бейнелейтін, мемлекеттілікті одан әрі нығайту, Қырғыз елінің ұзақ мерзімді және тұрақты дамуы үшін мәңгілік маңызды күн», – делінген жеделхатта.



Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қырғыз қатынастарының дамуын жоғары бағалады.



«Тарихы терең бауырлас халықтардың ортақ мүдделері мен ғасырлар бойғы достығы және тату көршілік дәстүрін сақтай отырып,  Тәуелсіздіктің алғашқы сәтінен-ақ қазақ пен қырғыз иық тіресіп, өзара жетістіктерге шынайы қуанып, бір-біріне үнемі қолдау көрсетіп келеді. Күш-жігерімізді жұмылдырып, көп қырлы ынтымақтастығымыздың тұрақты дамуына тың серпін бере алатынымызға сенімдімін. Бұл қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы үшін жаңа көкжиектерге жол ашады», – деп жазды Мемлекет басшысы.



Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, бауырлас қырғыз халқына өркендеу мен өрлеу тіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құттықтау #жеделхат #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады

Бүгін 16:54

Ұлттық өнердің ұлағатты жолын жалғаған жыршы

Бүгін 16:34

Марал Анарбекқызы: арманнан туған өнер

Бүгін 16:30

Арман мен еңбек бір тұтас, өнер – оның көрінісі

Бүгін 16:27

Алматы дәрігерлері ауруларды ерте анықтау үшін скринингтен өтуге шақырады

Бүгін 16:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика