Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан халқы Ассамблеясы –...

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан халқы Ассамблеясы – бейбітшілік пен келісімнің бірегей үлгісі

Әлеумет 24.04.2025, 11:54 645
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан халқы Ассамблеясы – бейбітшілік пен келісімнің бірегей үлгісі
akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзінде ұйымның ел ішіндегі тұрақтылық пен келісімді нығайтудағы тарихи рөлін ерекше атап өтті. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Президент өз сөзін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен құттықтаудан бастады. "Бүгінгі басқосудың тарихи мән-маңызы айрықша. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Баршаңызға құтты болсын!" – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев Ассамблеяның үш онжылдықтағы еңбегі елдегі бейбітшілік пен қоғамдық келісімнің іргетасын қалап, тұрақты даму жолында маңызды рөл атқарғанын айтты. Оның пікірінше, ҚХА – этносаралық келісімнің бірегей үлгісі ретінде әлемде теңдесі жоқ құрылым.

Президент Ассамблеяның еліміздегі түрлі этностар арасындағы өзара құрмет пен түсіністікті нығайтуға қосқан үлесіне жоғары баға берді.

"Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды", – деді Тоқаев.

Сондай-ақ ҚХА-ның этносаралық қатынастар саласында қоғамдық институт ретінде маңызы артқанын, оның арқасында Қазақстанда бейбіт өмір сүрудің үлгісі қалыптасқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Ассамблеяның қоғамдық ұйымдармен және мемлекеттік институттармен тығыз байланыста жұмыс істейтінін, сондай-ақ ішкі саясаттың жүзеге асуына белсенді түрде атсалысып жатқанын айтты.

"Ассамблея мемлекет пен қоғам арасында сындарлы әрі жемісті диалог орнатуға ықпал етуде", – деп нақтылады ол. ҚХА-ның 12 мүшесі қазіргі уақытта Ұлттық құрылтай құрамында еңбек етіп, елдік маңызы бар бастамаларға атсалысып жатқанын да атап өтті.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қасым-Жомарт Тоқаев #Ассамблея #ХХХІV сессиясы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика