Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияның Сыртқы қатынастар...

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияның Сыртқы қатынастар министрін қабылдады

Саясат 13.10.2021, 13:51 1,938
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияның Сыртқы қатынастар министрін қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Моңғолияның Сыртқы қатынастар министрі Батмунх Батцэцэг Қазақстанға ресми сапармен келді


Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапармен келген Моңғолияның Сыртқы қатынастар министрі Батмунх Батцэцэгті қабылдады.


Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қарқынды дамып келе жатқан қазақ-моңғол қарым-қатынастарына тоқталды.



«Моңғолия – біздің сенімді әрі стратегиялық серіктесіміз. Мемлекеттерімізді ортақ тарихымыз біріктіреді. Моңғол халқына, Сіздің мемлекетіңізге деген құрметіміз ерекше. Сіздер біздің халықаралық бастамаларымызға түсіністік танытып, үнемі қолдау көрсетесіздер. Сондай-ақ халықаралық алаңдарда бірге белсенді жұмыс істеп келеміз. Осы ынтымақтастығымызды одан әрі арттырып, іс жүзінде нығайта беруіміз қажет деп санаймын. Бұл, ең алдымен, сауда-экономикалық ықпалдастыққа қатысты. Біз көлік логистикасы саласын пысықтай түсуіміз керек», – деді Президент.



Мемлекет басшысы қалыптасқан екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетін барынша пайдалануға шақырды.



«Осы сәтті пайдалана отырып, этникалық қазақтарға көрсетіліп отырған құрметі пен қамқорлығы үшін Сіздің елдің басшылығына және моңғол халқына ризашылығымды білдіремін. Моңғолия қазақтарының тілін, мәдениеті мен дәстүрін сақтау мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастығымыз жалғаса береді деп үміттенемін. Бұл – Сіздің мемлекетіңіз жүргізіп отырған ұлттық саясаттың нәтижесі.  Мұны зор ризашылықпен атап өткім келеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Моңғолия Сыртқы саясат ведомствосының басшысы қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың сәлемін жеткізді.



«Президентіміздің шынайы сәлемін жеткізуді зор мәртебе санаймын. Моңғолия мен Қазақстанды жақын көрші елдер деп айтуға болады. Қазақстан Республикасымен арадағы байланыстарды дамыту ісі Моңғолияның сыртқы саясатында маңызды орын алады. Біз бұл қатынастарды жандандырғымыз келеді. Келесі жылы елдеріміз арасында орнаған дипломатиялық қатынастардың 30 жылдық мерейтойын атап өтеміз», – деді Батмунх Батцэцэг.



Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты елімізге ресми сапармен келуге шақыратынын айтты. Мемлекет басшысы аталған ресми сапар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастықтың дамуына тың серпін береді деп санайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қабылдау #ресми сапар #дипломатиялық қатынас
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кезең 

Бүгін 12:01

Астрономияны білсеңіз, астрологияға сенбейсіз – астрофизик пікірі

Бүгін 11:56

Қазақстанда ғалым қанша табыс табады?

Бүгін 11:52

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Бүгін 11:44

Адамды адам етіп қалыптастыру: Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?

Бүгін 11:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика