Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақ делегациясын қа...

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақ делегациясын қабылдады

Хабарлама 05.10.2021, 08:25 1,233
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақ делегациясын қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық аясындағы өзара іс-қимылдардың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланып, аймақтық қауіпсіздік мәселелері қарастырылды.


Қазақстан Президенті адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Одақтың арнаулы өкілі Имон Гилмор мен Орталық Азия бойынша өкілі Тери Хакаланы қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Еуропалық Одақ делегациясына еліміздегі саяси және экономикалық реформалар, сондай-ақ Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы айтты.


Имон Гилмор Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың деңгейін жоғары бағалап, серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында байланыстарды жалғастырудың маңызды екенін атап өтті.


Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Одақтың арнаулы өкілінің айтуынша, Қазақстан Президентінің Брюссельге алдағы сапары екіжақты байланыстарды дамытуда маңызды кезең болады.


Еуропалық Одақ делегациясы БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдем беру жөніндегі Миссиясының офисін Алматыға орналастыру және ауған студенттеріне көмек көрсету туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімін ерекше атап өтіп, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға қатысты Қазақстан Президентінің аймақтағы көшбасшылығын қолдады.


Имон Гилмор мен Тери Хакала Президентке ертең Алматы қаласында өтетін «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» азаматтық форумына Брюссельдің атынан қатысатынын жеткізді.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Тоқаев #президент #Еуро #делегация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мұғалімдерді аттестаттауға қатысты жаңа өзгерістер енгізілді

Бүгін 15:26

Ұлттық метаболикалық код 2026: болашақтың медицинасы үшін пәнаралық диалог

Бүгін 14:52

Алматыда 200-ден астам тұрғын реновация бағдарламасы аясында жаңа баспана алды

Бүгін 14:43

Алматыда қазақ лингвистикасы цифрлық дәуірге аяқ басты

Бүгін 14:14

Алматылық ғалымдар: ғылымға бөлген ақша – елдің болашағына салған инвестиция

Бүгін 14:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика