Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес Президентімен...

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес Президентімен келіссөз жүргізді

Хабарлама 26.11.2021, 04:46 1,015
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес Президентімен келіссөз жүргізді
Сурет: Akorda.kz

Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық салалар бойынша ықпалдастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.


Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шарль Мишель Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімнің тиімді жүзеге асырылуына баса мән бере отырып, Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жағдайы мен перспективаларын жан-жақты талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Сонымен қатар коронавирус пандемиясына қарсы күреске, оның ішінде вакциналарды және вакцинация паспорттарын өзара мойындауға қатысты өзекті мәселелер сөз болды.



Бұдан бөлек тараптар халықаралық және өңіраралық күн тәртібін, оның ішінде Ауғанстандағы жағдайды және осы елге гуманитарлық көмек көрсету үшін күш жұмылдыру мәселесін талқылады.



Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельдің Еуропалық кеңес президенті лауазымындағы көшбасшылығын жоғары бағалап, Қазақстанмен ынтымақтастыққа бағытталған ашық әрі конструктивті ұстанымына ризашылық білдірді.



Мемлекет басшысы соңғы 30 жылда Қазақстан мен ЕуроОдақ арасында өзара сенімге, құрметке және ортақ басымдықтарға негізделген берік қатынас орнағанын атап өтті.



Тараптар 29 бағыт бойынша ықпалдастықтың құқықтық негізін қалыптастыратын Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық  туралы келісімді толық іске асырудың маңыздылығын атап өтті. ЕуроОдақтың Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясының, сондай-ақ ЕуроОдақ – Орталық Азия бағытындағы белсенді диалогтың тиімді жүзеге асырылу барысына оң баға берілді.



Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Мемлекет басшысының айтуынша, ЕуроОдақ – Қазақстан экономикасына жалпы 160 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйған ең ірі инвестор. Ал Қазақстан – ЕуроОдақтың Орталық Азия аймағындағы ең ірі сауда серіктесі. Өзара сауда айналымы 24 миллиард долларға жеткен.


Кездесуде Мемлекет басшысы Орталық Азиядағы су ресурстары мәселесіне тоқталып, аймақтағы мемлекеттердің гидроэнергетика, ирригация және қоршаған ортаны қорғау саласындағы маңызды мүдделерін теңестіруге бағытталған Халықаралық су-энергетикалық консорциум құру қажет екенін атап өтті. Осыған байланысты Президент еуропалық серіктестерді Қазақстанның бастамасын жүзеге асыруға үлес қосуға шақырды.



Сонымен қатар Қазақстан Президенті ЕуроОдақ жүзеге асырып жатқан еуропалық «жасыл келісім» атауымен белгілі жаңа экологиялық даму моделіне тоқталды. Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев сенімді әрі тұрақты түрде шикізатқа қолжетімділікті, сондай-ақ еліміздің аккумуляторлық құн тізбегіне бірігуін қамтамасыз ету арқылы Еуропалық шикізат альянсымен және Еуропалық аккумуляторлық альянспен арадағы серіктестікті жолға қоюға дайын екенін жеткізді.



Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельді Қазақстанға сапармен келуге шақырды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #президент #сауда #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Академик Асқар Жұмаділдаев: жаңа конституция бойынша өткен референдум Қазақстан үшін маңызды кезең болды

Бүгін 13:55

Алматының қоғам қайраткерлері референдумдағы халықтың шешімін қолдады

Бүгін 13:51

ТүркПА байқаушылары: референдум нәтижесіне әсер етуі мүмкін заң бұзушылықтар анықталған жоқ

Бүгін 13:45

Таксист әкім

Бүгін 12:43

Референдум күні Қазақстанда 585 нәресте дүниеге келді

Бүгін 12:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика