AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қасым-Жомарт Тоқаев: Ең бастысы, азаматтарымыздың...

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ең бастысы, азаматтарымыздың табысын арттыруымыз қажет

Әлеумет 08.02.2022, 05:21 1,357
Қасым-Жомарт Тоқаев: Ең бастысы, азаматтарымыздың табысын арттыруымыз қажет
Сурет: Inbusiness.kz

Жаңа Үкіметтің алдында еліміздің экономикалық әлеуетін толық қалпына келтіру міндеті тұр - Президент


Өткен жылы ел экономикасы 4 пайызға өсті. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Өткен жылы ел экономикасы 4 пайызға өсті. Өңдеу өнеркәсібі 5,5, құрылыс индустриясы 7,6 пайызға артты. Қызмет көрсету саласында оң үрдіс бар. Сауда-саттық 9,2, көлік саласы 3,6 пайызға ұлғайды. Дегенмен, инфляция деңгейі межеден асып кетті. Бұл көрсеткіш 8,4 пайыз болды. Өкінішке қарай, қаңтар оқиғасы қалыпты өмірімізді түбегейлі өзгертті. Заңсыз әрекеттердің салдарынан көптеген азаматымыз зардап шекті. Шағын және орта бизнес өкілдері шығынға ұшырады», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.



 ҚР Президенті қазіргі мәліметтер бойынша бизнеске 100 млрд теңгеден астам көлемде залал келгенін атап өтті.



«Жаңа Үкіметтің алдында еліміздің экономикалық әлеуетін толық қалпына келтіру міндеті тұр. Бұл өте маңызды міндет. Сондықтан оны басымдықтардың бірі ретінде санауымыз қажет. Жоспарланған реформаларды жүзеге асыру және инфляцияны төмендету басты міндеттердің бірі. Ең бастысы азаматтарымыздың табысын арттыруымыз қажет»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Қазіргі уақытта ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов елімізді дамыту үшін атқарылған шаралар мен Үкіметтің алдағы жоспары туралы баяндап жатыр. Одан кейін Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов ақша-несие саясаты туралы айтады. Алмасадам Сәтқалиев «Самұрық-Қазына» қорының қызметі және оны реформалау туралы баяндайды. Мұнан бөлек, Алматы, Жамбыл және басқа да облыстардың әкімдері және Алматы қаласының әкімі өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму барысы жағынан есеп береді.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Үкімет отырысы #табыс #міндеттер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қыс мезгілінде үйдегі жылуды қалай сақтауға болады?

Кеше 14:39

Қарашада неше күн демалыс бар?

Кеше 12:15

Алматы қаласының алдағы аптадағы ауа райы болжамы

Кеше 10:10

Алматыда Ideathon by QYZfond аясында 800-ден астам студент қыз 10 жетекші компанияға инновациялық жобаларын ұсынды

31.10.2026

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Брусиловский көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

31.10.2026
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);