Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан Президентін туған күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан Президентін туған күнімен құттықтады Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, бауырлас Әзірбайжан халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы қазақ-әзербайжан қатынастарын дамытуға қосқан Ильхам Әлиевтің елеулі үлесін жоғары бағалады.

Президенттер екіжақты ықпалдастықтың қарқыны жоғары екенін атап өтіп, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту перспективасын талқылады.

Әсіресе, жоғары деңгейдегі сапарлар кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселесіне айрықша мән берілді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:21

19:19

18:16

18:03

17:58

17:41

17:39

17:33

17:23

17:17

17:09

17:03

16:59

16:48

16:34

16:16

16:02

15:48

15:32

15:16

15:01

14:42

14:31

14:16

14:10