AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК Хатшылығының атқарушы ди...

Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК Хатшылығының атқарушы директорын қабылдады

Әлеумет 14.04.2022, 11:33 1,210
Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК Хатшылығының атқарушы директорын қабылдады
akorda.kz

Мемлекет басшысына Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының қазіргі жұмысы туралы мәлімет берілді. Биылғы 12-13 қазанда Қазақстан астанасында өтетін АӨСШК-нің VI саммитіне дайындық барысына ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.




Кездесуде АӨСШК-ні Азиядағы ынтымақтастық жөніндегі толыққанды халықаралық ұйымға айналдырудың перспективалары талқыланды. Осы маңызды міндетті жүзеге асыру – Қазақстан төрағалығының басымдығы.



Қайрат Сарыбай Қасым-Жомарт Тоқаевқа саммит қарсаңында Кеңеске мүше мемлекеттердің сыртқы істер ведомстволарының басшыларымен өткізген кездесулері туралы баяндады. Сонымен қатар дипломат Ұйымның жұмысындағы экономикалық өлшемді жандандыру мәселесіне тоқталып, Жастар кеңесінің отырысын, сондай-ақ маусым айына жоспарланған «Astana Financial Days» халықаралық конференциясы аясында АӨСШК Іскерлік кеңесі мен бизнес форумын өткізуге қолдау көрсеткені үшін Президентке алғыс білдірді.




Мемлекет басшысы Қазақстанның аталған Кеңеске төрағалығының басымдықтарын тиімді жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ алдағы саммит нәтижесі бойынша қабылданатын қорытынды құжат жобасын мұқият әзірлеу қажеттігін айтты.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #президент #Сарыбай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Софья Берульцева «Парасат» орденімен марапатталды

Бүгін 17:21

Президент мақтауын естіген параспортшы көз жасына ерік берді

Бүгін 17:17

Эстонияның ERR қоғамдық телеарнасы Алматы туристік әлеуеті туралы бағдарлама шығарды

Бүгін 17:09

Мемлекет басшысы Камбоджа Премьер-министрін құттықтады

Бүгін 16:45

Дархан Сатыбалды Алматыны қысқы маусымға дайындау және құрылыс жұмыстарына бақылауды күшейтуді тапсырды

Бүгін 16:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);