AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Қаскелеңде көлік дөңгелектерін сақтайтын қойма өрт...

Қаскелеңде көлік дөңгелектерін сақтайтын қойма өртенді

Оқиға 10.04.2023, 09:10 1,046
Қаскелеңде көлік дөңгелектерін сақтайтын қойма өртенді
Сурет: Ашық дереккөз

Өрттің алдын ала себебі – электр сымының қысқаша тұйықталуы


Алматы облысында дөңгелек қоймасы жанып кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Төтенше жағдай министрлігіне сілтеме жасап.


9 сәуірде таңғы сағат 07.20-да Қаскелең қаласының № 5 өрт сөндіру бөліміне Қарасай ауданының Жармұханбет ауылында Мақатаев көшесі бойындағы қоймада (жалпы ауданы - 1600 шаршы метр) 700 шаршы метр алаңда автомобиль шиналары жанғаны туралы хабар түсті.


Өрт одан әрі 64 шаршы метр алаңдағы әкімшілік ғимаратқа тараған.


Оқиға орнына шақырудың жоғары рангы бойынша дереу өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді.


Ең жақын өрт сөндіру бөлімі оқиға орнынан он шақырым қашықтықта, өрт гидранты бес шақырым қашықтықта орналасқан.


Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 09.08-де оқшауланып, сағат 13.45-те 764 шаршы метр алаңда толық сөндірілді.


Өрт туралы кеш хабарлануы, сондай-ақ екпіні секундына 4-6 метрге жететін жел өрттің осынша үлкен аумаққа таралуына себеп болды.


Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылының арқасында жалпы ауданы 1400 шаршы метр автомобиль шиналары бар қойма аман қалды.


Өрттің жеке тұрғын үйлерге көшу қаупі жоқ.


Өрттің алдын ала себебі – электр сымының қысқаша тұйықталуы.


Осы факт бойынша ҚР ҚК 292-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#өрт #ТЖД #Қаскелең
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 20:30

Зияткерлік жарыс алматылық білімді жастарды біріктірді

Бүгін 19:01

Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 18:30

Алматының арнайы мектептерінде инклюзияның жаңа тәсілдері енгізілуде

Бүгін 18:13

Абай университетінің ғалымдары мектеп оқушыларына сабақ берді

Бүгін 18:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);