AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / Қарызыңыз 40 АЕК-тен асса, елден шыға алмайсыз!

Қарызыңыз 40 АЕК-тен асса, елден шыға алмайсыз!

Қаржы 16.08.2021, 09:22 2,689
Қарызыңыз 40 АЕК-тен асса, елден шыға алмайсыз!
Сурет: Visa-exp.com

Бұрын 20 айлық есептік көрсеткіштен асқан қарызы бар адамдар шетелге шыға алмайтын. Биыл берешек сомасы өзгерді.


Енді 40 АЕК немесе 116 680 теңге және одан көп қарызы бар адамдар борышкерлер тізіміне кіреді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Ай сайынғы төлемдерден қашып жүрген адамға да шетелге шығуға тыйым салынады. Бұл жерде мен алиментті меңзеп тұрмын. Егер адам алиментті үш айдан көп уақыт төлемесе, ол шетелге шыға алмайды», – деді Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы Әлібек Әбділов.



Оның айтуынша, біреудің денсаулығына зиян келтіріп, өтемақыдан жалтарып жүргендер де «қара тізімге» ілінеді. Бұған отбасындағы асыраушының қазасына байланысты келтірілген зиян, мүліктік, моралдық зиянды өтеу де жатады.


Яғни, салық, айыппұл бойынша мемлекетке немесе сотқа жүгінген басқа да адамдарға қарызы бар қазақстандықтар шекарадан әрі аса алмайды.



«Басқа елге жиналған адам өзінің қарызы барын білмеуі мүмкін. Ұшаққа билет сатып алады, рейске тіркеледі, жүгін тапсырып, шекаралық бақылауға келгенде, бір-ақ біледі. Аты-жөні шетелге шығуға тыйым салынған борышкерлер тізіміне енген. Ал елден шығуға тосқауыл болатын берешек қатарына не жатады? Олар салық, алимент, коммуналдық қызмет, шағын несие, басқа да жеке тұлғалар алдындағы борыштар және айыппұл», – деді Әбділов.



Сондай-ақ, министрлік өкілі  қазақстандықтарға қарызының бар-жоғын орындаушының ескертуін күтпей-ақ, өз бетінше тексеріп тұруға кеңес берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қарыз #несие #кредит #долг #шетел #тыйым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);