Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қарулы Күштерде жауынгерлік оқудың жаңа кезеңі бас...

Қарулы Күштерде жауынгерлік оқудың жаңа кезеңі басталды

Әлеумет 07.06.2022, 04:42 1,126
Қарулы Күштерде жауынгерлік оқудың жаңа кезеңі басталды
Сурет: Gov.kz

Сабаққа 27 000-нан астам маман тартылған.


Қазақстандық әскерилер мамандық бойынша дайындық кезеңін бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Мамандық бойынша дайындық – әскери қызметшілерді оқытудың негізгі кезеңі. Ол бір ай бойы жүргізіледі және жеке құрамның атқаратын лауазымдары көлемінде функционалдық міндеттерін зерделеуге бағытталған», - делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Осы кезеңде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, оларды пайдалану тәртібін, жауынгерлік машиналарды ату және жүргізу қағидаларын зерделейді. Ал келісімшарт бойынша әскери қызметшілер өз білімдері мен дағдыларын жетілдіреді.


Сабаққа 27 000-нан астам маман тартылған. Оларды сапалы өткізу үшін Қарулы күштерде тиісті әдістемелік даярлығы бар тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен 2000-нан астам оқу топтары құрылды.


Оқу кезінде орталық орын практикалық сабақтарға арналған. Олар жаттығу құралдарын пайдалана отырып, оқу сыныптарында, сондай-ақ оқу полигондарында ұйымдастырылған.


Бөлімшелерде мамандық бойынша даярлау командирлер мен сержанттардың басшылығымен штаттық-лауазымдық тағайындалуына сәйкес жүргізіледі. 


Оқу аяқталғаннан кейін жеке құрам өткен пәндер бойынша сынақтар мен емтихандар тапсырады. Сабақтар ағымдағы жылдың 8 шілдесіне дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #әскер #кезең
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шаңғы курортының қызметкерлері конституциялық реформаларды қолдады

Бүгін 16:28

«SMART BALA» жобасы аясында өткен «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» аудандық байқауы

Бүгін 16:16

Алматыда Жалпыұлттық коалиция мүшелері мәдениет саласының өкілдерімен жаңа Конституция жобасын талқылады

Бүгін 15:58

Алматыда халық композиторы Манарбек Ержановтың таңдаулы туындылары шырқалды

Бүгін 15:40

Алматының имамы колония жастарын теріс діни ағымдардың жетегінде кетпеуге шақырды

Бүгін 15:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі