Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қарттар күніне орай Алматы телеарнасы қайырымдылық...

Қарттар күніне орай Алматы телеарнасы қайырымдылық акциясын өткізді

Әлеумет 01.10.2022, 06:26 1,421
Қарттар күніне орай Алматы телеарнасы қайырымдылық акциясын өткізді
Сурет: Matrica.kz




Қарттар күні қарсаңында «Алматы» телеарнасы «Жылулық сыйла» атты қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Matrica.kz-ке сілтеме жасап.



Қызметкерлер қаладағы қариялардың үйіне арнайы барып, сыйлықтарды табыс етті.



«Сыйлықтар үшін көп рахмет. Күтпеген жерден сыйлық алу жағымды әсер қалдырады екен. Менің ойымша, адам әрқашан жақсы көңіл күйде жүруі керек», — деп бөлісті мегаполис тұрғыны Клара.


«Көп рахмет. Мен сіздердің арнаңызды, сериалдарыңызды көремін. Біз, зейнеткерлер, сериал қарағанды ұнатамыз. Мен 81 жастамын. Әкем соғыста қайтыс болған. Мен оны көрмедім. Сондықтан әлемде тек бейбітшілік болғанын, соғыс болмауын тілеймін», — деді алматылық Галина Николайқызы Нагаева.



Қатысушылар мен ұйымдастырушылар атап өткендей, акцияның мақсаты — ардагерлерге мереке қарсаңында көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.



«Менің көңіл-күйім жақсы. Мен Алматыда дүниеге келдім. Осында тұрып жатқаныма 73 жыл болды. Қазір зейнетке шықтым. Менің ойымша, қазақстандықтар — ең мейірімді халық. Мен осында тұратыныма қуаныштымын. Басқалардың да елімізді жақсы көргенін қалаймын. Сыйлықтарыңыз үшін арнаңызға рахмет», — деді мегаполис тұрғыны Валентина Григорийқызы Черных.


«Қарттар күні қарсаңында қайырымдылық акциясы жұртшылықтың назарын қариялардың өзекті мәселелеріне аудару мақсатында өткізілді. Бұл мереке — қоғамның аға буынға деген құрметі, ризашылығы мен сүйіспеншілігі. Егде жастағы адамдарға өздерінің керек екенін сезіндіру, оларға көңіл бөлу, қамқор болу өте маңызды», — деп атап өтті телеарнаның бас продюсері Ралида Мұқанова.



Халықаралық қарттар күні жыл сайын 1 қазанда атап өтіледі. Бұл мереке әлемде алғаш рет 1991 жылы атап өтілді. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 45-сессиясында Халықаралық қарттар күні деп бекітілді. Осыдан кейін Халықаралық қарттар күні деген атау қабылданды.


Айта кету керек, қайырымдылық акциясына серіктестеріміз «UNILACTIS DISTRIBUTION» ЖШС JLC өнімдерімен қолдау көрсетті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қарттар күні #Алматы телеарнасы #құттықтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін 20:42

Бұралқы иттер мәселесі: қазақстан аулау, стерильдеу, вакцинациялау және босатудан неге бас тартқалы отыр?

Бүгін 20:37

Бұтақтыда экологиялық акция өтті: алматылық жастар «Бұлақ көрсең, көзін аш» акциясына қатысты

Бүгін 20:31

Мемлекет басшысы: «Жер шарын қорғау – ортақ міндетіміз. Бүгінгі саммит бізге осыны көрсетеді»

Бүгін 18:16

Алматыда ушу-саньдадан Қазақстан чемпионаты басталды

Бүгін 18:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика