ffin.kz

Қартайған арыстан қиссасы

Қартайған арыстан қиссасы Сурет: автордың жеке парақшасынан алынды

Суретте өзінің өліміне мүмкіндігінше жақын қарт арыстан тұр.


Өмірінің ең жақсы жылдарында ол тек айбат шегу арқылы барлық аңдардың қорқыныш сезімін оятатын. Бірақ қазір ол қартайған және әрең қозғалады, аң аулауға еш мұршасы жоқ. 
Оның қабырғаларына қараңыз. Қараңызшы, ол қаншалықты жұқа және басы кішіпейілділікпен төмен түсірілген - ол мұның соңы екенін түсінеді. 
⠀ 
Сіз арыстанның бұл бейнесін ақылды қарияның өлім сәті ретінде түсіндіре аласыз. Арыстан тыныш және өлімнің көзіне тура қарайды. 
Ол айқайламайды немесе дүрбелең шығармайды, жай келесі сәтті күтеді. Бұдан кейін тыныштық орнайтынын біледі. Енді ауырсыну немесе аштық болмайды. 
Қандай да бір мағынада әр адамның тағдыры осы арыстанға ұқсайды. Сондықтан сізге бірнеше сұрақтар қоюға рұқсат етіңіз: 
⠀ 
Сіз өзіңіздің байлығыңызбен мақтанасыз ба? 
Сіз өзіңіздің сұлулығыңызбен мақтанасыз ба? 
Сіз өзіңіздің беделіңізді мақтан тұтасыз ба? 
Сіз өзіңіздің жетістіктеріңізбен мақтанасыз ба? 
⠀ 
Бір күні мұның бәрі ешқандай мағынасыз болатын күн келеді. 
⠀ 
Айтпағымыз, сізге де, бізге де бір күні дәл осы арыстан сияқты соңғы сәтпен бетпе-бет келетін сәт туады. Дәл осы арыстан сияқты бір күні сіз өткеніңіздің көлеңкесіне айналасыз. 
Бұл арыстан сияқты бір күні уақыт өлшемінде буланып кетесіз. Дәл осы арыстан сияқты, сіз бір рет өлімнің көзіне қарап, оны қабылдайсыз, өйткені сіз бұрынғыдай күшті болмайсыз. 
⠀ 
Бір күні бүкіл сүрген өміріңіз көз алдыңыздан жарқ етіп өте шығады. Сол жарқыл сізді соңғы сәтте өкіндірмес үшін, қазірден бастап ойланыңыздар. Дандайсымаңыздар, жастардың алдына түсіп алдын орамаңыздар, байлық пен мансап үшін сақалдарыңызды сатпаңыздар. Ұрпақтарыңа көже-қарынды тойдыру үшін тәрбие бермеңіздер көңіл қарынды тойдыратын рухани азық болатындай насихат жасап отыруларыңыз керек. Мына жердің бетінде адамдар бай кедей болып бөлінуі мүмкін ал қара жердің қойнауында Алланың құзырының алдында жас та кәрі де бай да кедей де бірдей болады. 
Сондықтан адамның тек қана не жасаймын десе де тірі кезінде ғана мүмкіндігі болады. Біздің өмірге келудегі ең басты мақсатымыз ол ішу, жеу, тышу, қыдыру, той тойлау, ұрпақ көбейту ғана емес екенін ұғынуымыз керек себебі адамның мақсаты тек осы ғана болса онда өзі үшін жусаған хайуаннан қай жеріміз артық болар еді!?
Біз кәзір бұрынғы ақсақалдардан ажырап қалдық. Бұрын бүкіл бір ауылды жалғыз қария билеуші еді кәзір бір ауыл түгілі бір жанұяны басқара алмайтын ұнжырғасы түскен, жалтақ, беделі жоқ қалге жеттік. Міне соны көріп өскен ұрпақтың да дәрменсіз, ынжық, қорқақ болып тәрбиеленіп жатқандығы да сондықтан деп ойлаймын...
Қазақта "сақалын сатқын кәріден, 
еңбегін сатқан бала артық" деген сөз тегіннен тегін айтылмаған. Біз мынау қасиетті қазақ ұлтын қалай ұстап қаламыз деген ұлттық рухани мәні бар тәрбиені мейлінше әрбір отбасында жаңғыртып жастарға бағыт бағдар беріп отыруға тиістіміз. 
Мәңгілік ешкім өмір сүрмейді ешкім шайтан емес өлмейтін сондықтан құдайдың алдына барғанда сенің бұл дүниеде қалай өмір сүргенің кім болып өмір сүргенің еш маңызды емес мәселе құдайдың алдына кім болып баратындықтарыңда жатыр. 
Біз бұрынғы өтіп кеткен ата-бабаларымызбен күні бүгінге дейін не үшін мақтанамыз? Себебі олар бізге осынау ұлан ғайыр жерді шашау шығармай жанкештілікпен қорғап аманат етіп қалдырып кеткені үшін, қазақтың салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын, мәдениетін, тарихын, тілін, дінін де сақтап жеткізіп кеткендігі үшін бас иіп тағзым етеміз, түсінеміз, сезінеміз, білеміз әрқашан жадымызда тұратыны сондықтан. 
Ал кәзір біз келешек ұрпақтың алдында не деп мақтанамыз!? 
Аң екеш аңның да өзінің белгілі бір территориясы болады белгіленетін оны ол қасықтай қаны қалғанша ешкімге бермейді, өлгенше қорғайды. Арыстанның да шибөрілердің қоршауында қалатын кезі болады бірақ оны өзге арыстандар көріп тұрып шибөрілерге талатып қоймайды ғой. Шибөрілер арыстанның аң патшасы екенін біліп оның тағы үшін таламайды, шибөріге ең маңыздысы ол емес арыстанның астында шалажансар иленіп жатқан өлексе ғана маңыздырақ. Сондықтан арыстан қартайса шибөрілерге оның кезінде қаһарлы, айбарлы, азулы болғаны қызық болмай қалады.
 Өмір деген қозғалыс осылай аласапыран алма ғайып дүниеде алма кезек жалғаса береді. 
Ал адамға Алладан берген ең ұлы нығмет бар ол ақыл мен білім.  Біздің ақылымыз бен біліміміздің өресі қарын сана деңгейінде қалып қоймауы керек. Біз ақылымыз бен білімімізді тәуелсіздік үшін еркіндік үшін өркениет үшін сарп ете алмасақ қартайған тырнағы мен тісі мұқалған өмірден үміті қалмаған ұмытылып жоқ болып кететін аңнан да айырмашылығымыз болмайды және келер ұрпақтың жадында қандай күйде тұрамыз ертең қалай тарихта із қалдырамыз?! 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32