AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / Қаржыгерлер базалық мөлшерлеме деңгейін көтеру себ...

Қаржыгерлер базалық мөлшерлеме деңгейін көтеру себебін айтты

Қаржы 24.02.2022, 09:41 1,859
Қаржыгерлер базалық мөлшерлеме деңгейін көтеру себебін айтты
Сурет: Sohu.com

Бұл шешім баға тұрақтылығын қолдау қажеттігіне негізделген.


Қазақстанның  Ұлттық Банкі геосаяси жағдайдың айтарлықтай нашарлауы кезінде сыртқы сектор тарапынан тәуекелдердің іске асырылуына байланысты қарастырылған баға тұрақтылығын қолдау қажеттігіне негізделген базалық мөлшерлеме деңгейі жөнінде кезектен тыс шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«2022 жылғы 24 ақпаннан бастап базалық мөлшерлеме +/- 1 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 13,5% деңгейінде белгіленді. Тиісінше, өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 14,5% және өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 12,5%болады», - делінген Ұлттық банк баспасөз қызметінің хабарламасында.



Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің инфляциялық таргеттеу шеңберінде жүргізілетін ақша-кредит саясаты ел экономикасына сыртқы күтпеген өзгерістер салдарының таралуының алдын алуға, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және теңгедегі активтерді қорғауға бағытталған. Екінші деңгейдегі банктер ақша-кредит саясаты құралдарының шеңберінде қажетті өтімділікпен қамтамасыз етілуде.



Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін шамадан тыс құбылмалылық орын алған кезде валюталық интервенциялар жүргізу құқығын сақтай отырып, теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамы режимін ұстануын жалғастырады. Маңыздылығы сыртқы сектор тарапынан тәуекелдерді іске асыру аясында өскен теңгенің икемді бағамы алтын-валюта активтерінің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.



Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 24 ақпанда сағат 13:00-дегі жағдай бойынша 104 млн АҚШ доллары сомасына валюталық интервенция жүргізді. Осы аптада валюталық интервенция 137 млн АҚШ долларын құрады.


Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп іске асыратын халықтың теңгедегі депозиттерін қолдау жөніндегі шаралар туралы қосымша хабарланатын болады.



Ұлттық Банк ішкі ақша және валюта нарықтарындағы жағдайға, сондай-ақ әлемдік шикізат нарықтарындағы ахуалға үздіксіз мониторинг жүргізеді және қажет болған кезде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдайды.



Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлеме жөніндегі кезекті шешімі 2022 жылғы 9 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 15:00-де жарияланатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#банк #Қазақстан #Шешім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика