ffin.kz

Қаржы нарығында алаяқтықпен күресі үшін ҚНРДА не істеп жатыр?

Қаржы нарығында алаяқтықпен күресі үшін ҚНРДА не істеп жатыр? Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев қаржылық алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы күрес шаралары туралы айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Спикер құқық қорғау және мемлекеттік органдар азаматтарды алаяқтардан қорғау бойынша кешенді шаралар қабылдап жатқанына сендірді. Заңнамалық, практикалық және техникалық құралдарды қамтитын жүйе құрылды. Оны жетілдіру бойынша жұмыстар үнемі жүргізілуде. 


Оның айтуынша, 2023 жылдың шілдесінде Агенттік, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) мен 18 банк арасында азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысты өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.



«Меморандумның мақсаты тараптардың қаржы нарығындағы алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдауы, интернет-алаяқтардың іс-әрекетінен зардап шеккен клиенттерге залалды өтеу тетігін әзірлеу, сондай-ақ азаматтарға кредиттерді қашықтықтан алаяқтық тәсілмен ресімдеу кезінде туындаған берешекті реттеу арқылы жеке кәсіпкерлерді қоспағанда, азаматтардың, оның ішінде банктердің клиенттері болып табылатын азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады. Меморандум талаптары клиенттің жеке өзі және (немесе) оның банк үй - жайларында жеке қатысуымен операциялар жасаған жағдайларға қолданылмайды», - деді А.Терентьев.



Бұдан басқа, ҚР Үкіметі байланыс, төлемдер және ақша аударымдары саласында, сондай-ақ тұтынушылық онлайн кредиттеу саласында реттеуді күшейтуге және қатаңдатуға бағытталған кредиттік алаяқтыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін іске асыру жөніндегі жол картасын бекітті және 15 іс-шарадан тұрады. 


Жол картасына сәйкес келесі шаралар қабылданды:


- 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Ұлттық Банктің банкаралық төлемдер орталығының базасында қаржы нарығына арналған антифрод-орталық құру жоспарлануда. Ол күдікті тұлғалар мен алаяқтық операциялардың типологиялары туралы барлық ақпаратты жинақтайды, бұл кез келген алаяқтық операцияларды алдын ала блоктауға мүмкіндік береді. Антифрод жүйесінің болуы бойынша жедел аударымдар қызметтерін көрсететін төлем сервистеріне талаптарды енгізу жоспарлануда.


-Телефон нөмірлерін ауыстырудың алдын алу жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін, SIM-карталарды беру/ауыстыру кезінде жеке басын тиісінше тексермегені үшін және тіркелмеген SIM-карталарды пайдаланғаны үшін байланыс операторларының жауапкершілігі қатаңдатылды, сондай-ақ қашықтан қаржылық қызметтер көрсету үшін банктердің мобильді қосымшаларының ақпараттық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар белгіленді.


- Кредиттік алаяқтықты анықтаудың онлайн жүйесінің, мүдделі қаржы ұйымдары мен олардың клиенттерін хабардар ете отырып, өзге де заңсыз қызметтің болуы бойынша кредиттік бюроға қойылатын талаптар, сондай-ақ онлайн кредит алуға өтінімнің келіп түскені туралы Клиентті хабардар ету бойынша банктер мен МҚҰ-ға қойылатын талаптар, сондай-ақ онлайн кредит ресімдеуге оның растамасын алғаннан кейін ғана клиенттің шотына ақша аудару мүмкіндігі белгіленген.


Қазақстанда азаматтарға несиені рәсімдеуге тыйым салуға мүмкіндік беретін қызмет іске қосылды.



«Қызмет азаматтарға құжаттарды жоғалту, шетелге шығу немесе басқа жағдайлар кезінде несиелік алаяқтардан қорғануға көмектесу мақсатында іске қосылды. Кредиттік тарихты беруге ерікті шектеу қаржы ұйымдары үшін алаяқтық қарыз нысанасына қосымша тексеруді білдіреді», - деп түсіндірді спикер.



Алматылықтар қарыз алудан ерікті түрде бас тартуды орната алады.



«Жалған қарыздарды ресімдеуге байланысты алаяқтықты азайту үшін 2024 жылғы 11 ақпаннан бастап жеке тұлғаның банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту құқығы туралы норма қолданылатын болады. Кредиторларға оның кредиттік есебінде микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу туралы ақпарат болған кезде адамға микрокредиттер беруге тыйым салынады», - деп атап өтті ол.



Банктер мен МҚҰ-ға кредиттік бюроға берілген қарыздар мен микрокредиттер туралы нақты уақыт режимінде ақпарат беруді, жеке тұлғаның кредиттер алудан ерікті түрде бас тартуы болған кезде ресімделген кредит бойынша берешекті есептен шығаруды көздейтін заңнамалық түзетулер әзірленді. 



Сондай-ақ, онлайн қызметтерді пайдалану кезінде азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қаржы ұйымдарының жауапкершілігі күшейтілді.  Банктер мен МҚҰ интернет-алаяқтардың әрекеттерінен зардап шеккен қаржылық қызметтерді тұтынушыларға келтірілген залалды өтеу тетігін әзірлеуге кірісті.
 
«Өзіңізді және ақшаңызды қаржылық алаяқтардан қорғау үшін цифрлық гигиенаны сақтаңыз және біздің кеңестерімізді орындаңыз», - деп қосты А.Терентьев.



ҚНРДА жұмысы туралы толық ақпаратты келесі арналар арқылы алуға болады: 
- Fingramota.kz интернет-порталда;
- «Fingramota Online» мобильді қосымшасында;
-  Агенттіктің «1459» қысқа нөмірі бар Сall-орталығы арқылы жұмыс режимі 09:00-ден 17:00-ге дейін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51