Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қарасу мен Өжет тұрғындары үшін қадамдық қолжетімд...

Қарасу мен Өжет тұрғындары үшін қадамдық қолжетімді медицина орталығы іске қосылды

Әлеумет 15.11.2024, 09:38 1,097
Қарасу мен Өжет тұрғындары үшін қадамдық қолжетімді медицина орталығы іске қосылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыдағы жаңа медицина орталығы: Қарасу және Өжет шағын аудандарының 20 мыңнан астам тұрғыны қадамдық қолжетімділікте медициналық көмек ала алады

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Қарасу шағын ауданындағы медициналық-санитарлық көмек орталығының (МСАК) жаңа ғимаратына барды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұған дейін Қарасу шағын ауданындағы 18 мыңнан астам тұрғынға медициналық көмек 160 шаршы метрлік  №21 емхана филиалында көрсетіліп келген. Ал шамамен 24 мың адам тұратын Өжет шағын ауданының тұрғындарына №25 қалалық емхана қызмет көрсетеді. Медициналық мекемелердің жүктемесін азайту және Қарасу мен Өжет тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында қадамдық қолжетімді жерде заманауи дәрігерлік амбулатория салу қажеттілігі туындады.

Тұрғындардың өтінішін ескере отырып, әкімнің тапсырмасымен жаңа орталықтың құрылысы 2023 жылдың ақпан айында басталды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Биылғы жылдың қараша айының соңына дейін ғимаратты пайдалануға беру және оны қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының балансына өткізу жоспарланған. Тиісті рұқсат құжаттарын, соның ішінде қызмет көрсету лицензиясын алғаннан кейін МСАК орталығы алғашқы пациенттерді қабылдай бастайды. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Назгүл Иманғалиеваның айтуынша, орталықты ашу осы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

Бес қабатты жаңа медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету орталығы №25 қалалық емхананың филиалы болып табылады және Қарасу мен Өжет шағын аудандарының шамамен 20 мың тұрғынына қызмет көрсетеді. Жобалық қуаты – бір ауысымда 200 адам қабылдау. Жаңа ғимаратта төрт бөлімше бар: учаскелік қызмет, мамандандырылған медициналық көмек бөлімі, гинекология, клиникалық-диагностикалық бөлімше. Орталық УДЗ, рентген, аудиограмма, спирография, кольпоскопия, ЭКГ сияқты заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Жаңа медициналық мекеменің ашылуы №25 және №21 емханалардағы жүктемені азайтуға мүмкіндік береді, әрі тұрғындар қажетті көмекті заманауи және ыңғайлы медициналық мекемеде жылдам ала алады.

2024 жылдың басынан бастап Алматыда үш отбасылық-дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Олар ауысымына 100 адам қабылдайтын Нұршашқан шағын ауданында, бір ауысымда 200 адам қабылдайтын Мамыр шағын ауданында және ауысымына 200 адам қабылдайтын Кемел шағын ауданында орналасқан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алатау ауданы #медицина #Ерболат Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Кеше 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі