AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қарашада қызық көп...

Қарашада қызық көп...

Спорт 01.11.2024, 12:15 1,132 Bakyt
Қарашада қызық көп...
Сурет ЖИ көмегімен салынды

Халықаралық қысқы спорт федерацияларының күнтізбесіне сәйкес, жыл сайын қазанның соңы мен қарашаның басында қысқы спорт түрлерінен өтетін жарыстардың шымылдығы ресми түрде түріледі.

Наурыз айына дейін жалғасатын маусымда спортшылар 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтетін ХХV Қысқы Олимпиада ойындарына берілетін жолдамаларды сарапқа салады. Ал Азия құрлығының мемлекеттері келесі жылы Харбинде алауы тұтанатын Азия ойындарына дайындықтарын пысықтайды.

Назарларыңызға қараша айында өтетін қысқы спорт түрлерінен жарыстар кестесін ұсынамыз:

  • Қарашаның алғашқы үш күнінде Монреальда (Канада) шорт-тректен Әлем кубогінің екінші кезеңі өтеді. Алғашқы кезең де дәл осы қалада ұйымдастырылған болатын.

  • 31 қазан мен 3 қараша аралығында Бейжіңде (Қытай) шайбалы хоккейден әйелдер арасында, 6-9 қарашада Алматыда ерлер арасында Азия чемпионаты өтеді. Екі біріншілік те тарихта алғаш рет ұйымдастырылып жатқанын айта кеткен жөн.

  • 12-13 қараша – Таллинде (Эстония) мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир;

  • 15-17 қараша – Хатинохада (Жапония) конькимен жүгіруден Төрт құрлық чемпионаты;

  • 21-25 қараша – Лиллехаммерде (Норвегия) шаңғымен тұғырдан секіру бойынша Әлем кубогі кезеңі;

  • 22-24 қараша – Наганода (Жапония) конькимен жүгіруден Әлем кубогі кезеңі, Қытайда мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир;

  • 28 қараша – 2 желтоқсан – Рукада (Финляндия) шаңғымен тұғырдан секіру бойынша Әлем кубогі кезеңі;

  • 29 қараша – 1 желтоқсан – Бейжіңде (Қытай) конькимен сырғанаудан және Рукада (Финляндия) шаңғы жарысынан Әлем кубогі кезеңдері;

  • 27 қараша – Рукада (Финляндия) фристайлдан Әлем кубогі кезеңі;

  • 30 қараша – 8 желтоқсан – Контиолахтиде (Финляндия) биатлоннан Әлем кубогінің бірінші кезеңі өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қараша #спорт #кесте
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);