AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қарағандыда Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған...

Қарағандыда Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған турнир басталды

Спорт 17.12.2025, 15:33 510 Сұлу
Қарағандыда Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған турнир басталды
Ұйымдастырушылар ұсынған сурет

Қарағанды қаласында 16 желтоқсанда Серік Сәпиев атындағы Бокс орталығында Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, белгілі спорт қайраткері Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған 41-ші халықаралық турнир өз жалауын көтерді.

Дүбірлі додаға Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қытай елдерінен келген 216 үздік боксшы қатысуда. Көрермендер үшін кіру тегін болған жарыстың ашылу салтанатында спорт сүйер қауымға танымал спортшылар мен белгілі тұлғалар құрметті қонақ ретінде қатысып, ерекше көңіл күй сыйлады.

Алғаш болып жарысқа қатысушыларды Олимпиада чемпионы, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев құттықтады. Айта кету керек, ол өз уақытында осы турнирде өзі де бокстасқан. Сондай-ақ Жарылғаповтар әулетінің жақын досы, Олимпиада ойындарының жүлдегері, КСРО-ның 1972 жылғы үздік футболшысы Евгений Ловчев сөз сөйледі.

"Адамнан кейін тек естелік қалады. Бұл турнир 41-ші рет жоғары деңгейде ұйымдастырылып отыр. Бұл - Ғалым Жарылғаповқа деген терең құрметтің, оның есімінің ел жадында мәңгі сақталғанының дәлелі", - деді ол.

Турнир төрт күнге созылады, ал финалдық жекпе-жектер 20 желтоқсанда өтеді. Бокс жанкүйерлері бұл жарыстан ерекше әсер алып, жағымды эмоцияға бөленеді деп сенеміз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қарағанды #турнир #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға бара жатқан жолда жоғалып кеткен 21 жастағы тұрғын аман-есен табылды

Бүгін 16:57

Ақжан мен Ақниет: Тоқаев тұлпарларын көрсетті

Бүгін 15:22

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 14:06

Ұлттық музыка ғылымының негізін қалаған тұлға

Бүгін 13:44

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болмақ

Бүгін 12:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);