AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қарағандыда есірткіге қарсы 4 мыңнан астам граффит...

Қарағандыда есірткіге қарсы 4 мыңнан астам граффити өшірілді

Заң мен тəртіп 14.09.2024, 10:53 1,950 Bakyt
Қарағандыда есірткіге қарсы 4 мыңнан астам граффити өшірілді
Фото: Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

13 қыркүйек күні Қарағандыда есірткі таралуына қарсы күрес пен салауатты өмір салтын насихаттауға арналған ауқымды акция өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға 1000-нан астам адам қатысты. Олардың қатарында Қарағанды қаласы полиция басқармасының қызметкерлері, Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясының курсанттары, Жастар ресурстық орталығының еріктілері, қоғамдық көмекшілер, төрт ЖОО (ҚарМУ, ҚЭУ, ҚарМТУ, ҚМУ) студенттері және басқа оқу орындарының өкілдері болды. Қатысушылар есірткі заттарының жарнамасы бар заңсыз граффитиді өшіру және есірткіге қарсы жадынамалар мен буклеттер тарату үшін бірікті.

Акция барысында қатысушылар топтарға бөлініп, әр топ учаскелік полиция инспекторларының басшылығымен белгіленген секторларда жұмыс істеді. Іс-шараның нәтижесінде қала аумағындағы 4200-ден астам заңсыз жазулар мен суреттер өшіріліп, 3000-нан астам жадынамалар мен буклеттер таратылды.

Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Әбіл Әбілдиннің айтуынша, жыл басынан бері полиция қызметкерлері есірткі сатқаны үшін 71 қылмыстық іс қозғаған, оның 40-ы граффити арқылы жасалған жарнамаға қатысты. Сонымен қатар, есірткі заттарын таратумен айналысқан 53 адам ұсталған, олардың ішінде екі жүкті әйел, көп балалы ана, төрт студент және сегіз кәмелетке толмаған жасөспірім болған.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 10 000-ға жуық есірткі жарнамасы бар граффитиді өшірген. Полковник Әбілдин граффити арқылы есірткіні жарнамалағаны үшін 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын атап өтті.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиция #граффити #есірткі жарнамасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);