AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қарағанды облысында астық алқаптарының 70%-ы жинал...

Қарағанды облысында астық алқаптарының 70%-ы жиналды

Әлеумет 26.09.2024, 17:53 1,058 dulatbekova
Қарағанды облысында астық алқаптарының 70%-ы жиналды
Сурет: Gov.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қарағанды облысында егін жинау жұмыстарының барысымен танысты.

Сонымен қатар, «Нур-СХ» ЖШС алаңында өңірдің ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесу өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап. 

Министр агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі қолдау және дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабар берді.

«Ағымдағы жылы Президенттің тапсырмасы бойынша үкімет көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін барлық қажетті жағдайларды жасады.

Саланы жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 3 еседен астам ұлғайтылып, 580 млрд теңгені құрады. Алғаш рет көктемгі егін жұмыстарын несиелеу, егін жинау науқаны және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін арзандату тетігі қолданылды. Ауыл шаруашылығы құрылымдары барлық қажетті агротехнологияларды қолдана алды, сапалы тұқымдар мен тыңайтқыштар сатып алынды. Тиімділік айқын-өнімділік өткен жылмен салыстырғанда 5 ц/га-ға ұлғайды. Келесі жылы жеңілдікті кредиттеу көлемін 700 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда. Алғашқы ақша фермерлерге желтоқсан айында жетеді және олар егін егуге дайындықты бастай алады», - деді Айдарбек Сапаров, 2025 жылы осындай тетік өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыру кезінде іске қосылатынын хабарлады. Фермерлерді субсидиялау ережелерін өзгертуге, мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі жобаларды қаржыландыруға, инфрақұрылымды жүргізуге қатысты мәселелер қызықтырды. Әр сұраққа фермерлер толық жауап алды.

Айта кетейік, Қарағанды облысы бойынша жалпы егіс алқабы 1,2 млн гектарды құрады, бүгінде 700,2 мың гектар егін жиналды, 12 ц/га өнімділікте 840,2 мың тонна бастырылды.

2,4 млн тонна шөп, 23,1 мың тонна пішен, 15,1 мың тонна сүрлем, 150 мың тонна сабан, 237,5 мың тонна жем дайындалды. Жұмыс сапары барысында министр «Баймырза Агро 2018» ЖШС картоп алқаптарын аралап көрді. Фермада Zimmatic айналмалы жаңбырлатқыштардың суару жүйесі қолданылады. Алдағы жылдары суармалы егістік алқабын 854 гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда

Айдарбек Сапаров «Шахтерское» ЖШС егін жинау жұмыстарының барысымен танысты. Өңірдегі ірі шаруашылықтардың бірінің басшысы Георгий Прокоп ағымдағы көктемде отандық тұқыммен 33 мың гектардан астам егілгенін, қазірдің өзінде 19 мың гектар жиналды, орташа өнімділігі 18,5 ц/га 35 мың тоннадан астам астық бастырылғанын хабарлады.

Экономикалық жоғары өнім алуға мүмкіндік беретін пестицидтерді, тұқымдарды, минералды тыңайтқыштарды сатып алуға мемлекеттік қолдау шараларын белсенді қолданады. Осы ретте, картоптың өнімділігі 501 ц/га құрады.

СҚО тәжірибесін тираждау бағдарламасы аясында өңірде 12 жоба іске асырылуда. Олардың ішінде қуаттылығы жылына 10 мың тонна сүтті құрайтын 1100 басқа арналған сүт-тауар фермасы бар. «МФ Рамадан» ЖШС жобасының құны 4,2 млрд теңге.

Министр жобаның іске асырылу барысымен танысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АШМ #егін жинау #Қарағанды облысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);