AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қар, тұман, көктайғақ: еліміздің барлық өңірінде д...

Қар, тұман, көктайғақ: еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Өмір-өзен 12.12.2025, 08:42 567 dulatbekova
Қар, тұман, көктайғақ: еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Сурет: rostov.kp.ru

12 желтоқсанда таңертең және күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын болады.

Жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с болады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Астанада күндіз қар жауады, боран соғады.

Қарағанды облысында қарлы боран, көктайғақ болады. Аймақтың оңтүстік шығысында күндіз жел тұрады.

Күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады.

Түнде батыста, солтүстікте, Ұлытау облысының орталығында боран, көктайғақ, күндіз облыстың шығысында қарлы боран соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Жетісу облысында желдің екпіні 23-28, кейде 30 м/с асады деп болжанған. Түнде және таңертең облыстың таулы аймақтарында көктайғақ, тұман болады. Облыстың солтүстік-шығыс жақтан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының оңтүстігінде қар жауып, боран соғады. Артынан көктайғақ болады. Облыстың шығысына, оңтүстігіне тұман түседі.

Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, күндіз оңтүстігінде көктайғақ болжанған. Аймақтың біраз аумағын тұман басады.

Түнде Алматы облысының таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Күндіз Абай облысының оңтүстігінде, батысы мен орталығында қарлы боран соғады. Желдің жылдамдығы күндіз 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы аудандарында көктайғақ болжанған. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман болады.

Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады.

Мұндай ауа райы Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында да болжанған.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауып, боран болады. Тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Облыстың таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 23-28 м/с жетеді. 

Айта кетейік, бүгін Алматы мен Павлодарда ауа сапасы нашарлайды.

 https://kaz.inform.kz/news/kar-tuman-koktaygak-elmzdn-barlik-onrnde-dauildi-eskertu-zhariyalandi-3dde80/

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #болжам #Дауылды ескерту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Импорттың орнына өзіміздің көшеттер: Алматыда көгалдандырудың жаңа жүйесі қалыптасып келеді

Кеше 18:46

Алматылық түлектер республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылды

Кеше 18:39

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

Кеше 18:34

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Кеше 18:30

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 18:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика