Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қар жауып, көктайғақ болады

Қар жауып, көктайғақ болады

Әлеумет 14.11.2024, 08:13 1,012
Қар жауып, көктайғақ болады
Сурет: Astanatv.kz

14 қарашада бірқатар өңірде ауа райының бұзылуына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Ақмола облысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында жаяу бұрқасын болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз жел екпіні 15-18 м/с жетеді деп күтіледі.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жел болады деп болжануда.

Астана қаласында 14 қарашада жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп болжанып отыр.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. 

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар жауады. Облыстың шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болмақ. 

Жетісу облысының Алакөл ауданында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 30 м/с және одан асуы мүмкін.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Түнде Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, түнде облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Алматы қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Жолдарда мұзтайғақ. Қонаев қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 м/с. Петропавл қаласында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қаласында 14 қарашада күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қаласында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

14 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қаласында 14 қарашада кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қар #жауын #Көктайғақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Кеше 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Кеше 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Кеше 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Кеше 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Кеше 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика